• 21 ноября, 2024 9:37 дп

Шымкент жастар лигасы

Автор:admin

Май 10, 2022

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50% — ына дейін жеткізу. (2022 ж. – 35,9%)
Қазіргі таңда жалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 % құрайды (2025 жылға жоспар 50%).
Осы индикаторлық көрсеткішті орындау аясында 3 бұқаралық спорттық іс-шара өтуде. Атап айтсақ, Шымкент жастар лигасы, Шымкент қаласының қыздар арасындағы футболдан чемпионаты, Қала жасөспірімдері арасында футболдан чемпионаты басталды. 4 аудандағы спорт алаңшаларда әр жексенбі «Аула чемпионаты» өткізілуде. Спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы жұмыстар қарқынды жүргізілуде /2021 жыл-31,99%, 353 752 адам/ 2022 жылғы 35,9% (396 336 адам) жоспарлануда.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.

Автор: admin