• 16 января, 2025 7:01 пп

Шымкент инфрақұрылымы: бірнеше ойын алаңшалары тарту етілді

Автор:admin

Ноя 9, 2023

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту және инфрақұрылыммен қамту  тапсырмасына сәйкес, Шымкентте спортты қолжетімді ету мақсатында инфрақұрылыммен көптеп ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңдары салынып жатыр. Қазіргі таңда аулаларды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, заманауи ойын элменттері орнатылған. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселген. Президент тапсырмасына орай, бүгін  Шымкент қаласында балаларға бірнеше  ойын алаңшалары тұрғындардың игілігіне тапсырылды. “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Еңбекші ауданынан қарасты Ш.Уәлиханов көшесі №188 Б көпқабатты тұрғын үй ауласына  балалар ойын алаңшасы орнатылды. Шағын аудан тұрғындары балалармен бірге қуанышқа бөленді. Биыл Еңбекші ауданы аумағында 29 балалар ойын алаңшасы, сонымен қатар 7 кешенді балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылуда. Қазіргі таңда аудан бойынша 283 көпқабатты үй 132 аулаға біріктірілген. Өткен  жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып жатыр. Мәселен, 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Нәтижесінде,  осы жылы 75 көпқабатты үйдің ауласы абаттанып, жеке секторда 11 кешенді балалар ойын алаңшалары халық игілігіне берілген. Сонымен қатар, Тұран ауданында 3 ойын алаңшасы балалар игілігіне берілді. Астана күні мерекесі қарсаңында ауданда  3 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары 1 ай көлемінде жүргізілді, Қала әкімі қаладағы нысандарды аралау барысында мердігер мекемелерге ойын алаңшасының құрылысы сапалы, әрі дер кезінде орындалуын тапсырған болатын. Міне бүгін міне межеге сай Мангельдин көшесі № 36 үйдің ауласында балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде аудан тұрғындарымен  бірге қуанышты көңіл-күйде ашылды. Сонымен қатар, Исмаилова көшесі №24 үй және Арғымақ елдімекеніндегі  балалар ойың алаңшалары да балалар үшін қолдану игілігіне берілді. Айта кету керек, «Халық қатысатын бюджет» – билікті бұқараға барынша жақындатудың тиімді құралы. Тіпті Мемлекет басшысыда абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта «Халық қатысатын бюджеттің» үлесін арттыруды тапсырған болатын.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin