• 21 ноября, 2024 8:41 пп

Шымкент каналдарының жағдайы қалай?

Автор:admin

Май 26, 2022

Бүгінде 2010-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Үкіметтің ерекше бақылауына алынған. ИИД МБ іске асыру 2015 жылы басталды, ол индустрияландырудың бірінші бесжылдығының қисынды жалғасына әрі елдің экономикалық саясатының бір бөлігіне айналды. Бағдарламаның негізгі мақсаты — өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, еңбек өнімділігін арттыру және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайту. ИИД МБ 2019 жылға дейін өңдеу өнеркәсібіндегі төрт нысаналы индикаторды қарастырады: өңдеу өнеркәсібі өнімдері экспортының құндық көлемінің өсуін, еңбек өнімділігінің нақты өсімін, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің артуын және оның энергиялық сыйымдылығының төмендеуін. Бұл жылдар ішінде жаңа мемлекеттік бағдарламалар, қолдау шаралары, дәлме-дәл инвестициялық саясат және өнеркәсіптің технологиялық қайта жарақтандырылуы пайда болды, олар елдің үшінші жаңғыру жолынан тиімді өтуіне ықпал етуге арналған. Адам ресурсына басымдық берілді: жаппай кәсіпкерлік және тиімді жұмыспен қамту дегеніміз — жүз мыңдаған жаңа жұмыс орындары мен бәсекеге қабілетті ұлт. Осы бағытта Шымкент қаласының әкімі қаладағы каналдардың күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Бүгінде Еңбекші ауданында орналасқан «Көк», «Чумчак» каналдарында су өткізу қабілеттілігін, сыйымдылығын арттыру мақсатында құрылыс қарқын алған.  Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылуда.  Қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 га егіс алқабы игеріледі. Қала әкімі аралау барысында қала үшін каналдардың маңыздылығына тоқталып, мердігерлерге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.

–Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды. Бұл өз кезегінде шаруалардың дәнді-дақылдар мен көгөніс және мал азықтық өнімдерін жетілдіруге мүмкіндігін арттырады. Сондықтан құрылыс барысында бетондаудың технологиялық талаптарын сақтап, жұмыстар өз мерзімінде аяқталуы тиіс, -деді қала әкімі. Сонымен бірге, қала аумағында 2027 жылға дейін 27 каналды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, тағы 5 мың га егістік жерді айналымға қосу жоспарланған.

Jsk ақпарат

Автор: admin