Шымкент қаласының Тұран ауданында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық тазалықты сақтауға бағытталған бұл шараға 500-ден астам тұрғын белсенді түрде атсалысты. Сенбілік барысында Шымкент каналының маңы мен көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы қоқыстан тазартылды.
Тазалық жұмыстарына аудан ардагерлері, белсенді тұрғындар, үй басқарушылары және коммуналдық мекеме қызметкерлері бірлесіп қатысты. Сонымен қатар, Тұран аудандық әкімдігі мен “ШымкентСпецКомплекс” ЖШС қызметкерлері де өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында Құрсай елді мекенінің тұрғыны Исенбек Битайев сөз сөйлеп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығына тоқталды. Ол жастарды табиғатты аялауға шақырып, мұндай игі істердің жиі ұйымдастырылуы қажет екенін айтты.
Қоршаған ортаға қамқорлық – әрбір азаматтың міндеті. Осы сенбілік қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттырып, тазалықты сақтауға деген жауапкершілігін нығайтуда. Алдағы уақытта мұндай сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.
ШЫМКЕНТ КАНАЛЫНЫҢ МАҢЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ
