• 5 января, 2025 5:48 дп

ШЫМКЕНТ: КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТУ БОЙЫНША ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Автор:admin

Июн 1, 2023

Президент тапсырмаларына сәйкес, Өңірлерді дамыту жоспарларын бекітілген ұлттық жобаларға сәйкес жаңарту міндеті тұр. Бұл үшін орталық мемлекеттік және жер­гілікті атқарушы органдардың үйлесімді және жедел жұмысы талап етіледі. Са­лаларды дамытудың тиісті тұжырымда­маларын жедел әзірлеу мен бекітуді қам­та­масыз ету маңызды. Мемлекеттік органдар бұл жұмысты бастап кетті, Даму тұжырымдамасын бекітуді орынды деп санаймыз, ел Пре­зидентінің Жоғары Кеңестің отырысында берген тапсырмасына сәйкес ұлттық жобалар бойынша кең ауқымды ақпараттық науқан өткізудің де маңызы зор болады. «Тұрақты экономикалық өсу», «Кәсіп­кер­лікті дамыту», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобалары, 2021-2025 жылдарға арналған агроөнер­кәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба, «Жасыл Қазақстан», «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс», «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Саламатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобалары биыл қабылданған Жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспары мен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленді. Осы орайда Шымкентте қала тазалығы күн тәртібіндегі мәселе. Қаланы таза ұстау, қоқыстарды дер кезінде тасымалдау, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, қала аумағында бүгінде 610 қоқыс алаңшасы, 2627 қоқыс контейнері, 205 сеткалы контейнер, 125 фракция (құрғақ және дымқыл) контейнер орнатылған. Сондай-ақ, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған 50 контейнер, нан қалдықтарын жинауға арналған 200 дана бөшке қажетті орындарға қойылған.  Шаһарда Ақтас-1 елді мекенінде ауданы 29 гектарды құрайтын қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істеп тұр. Жауапты мамандар осы жылдың 1-ші тоқсанында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 26,3 пайызды құрады, дейді. Айталық, қоқыс полигонына әкелінген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі 52 813,22 тонна, сұрыптауға жіберілген қоқыс көлемі 13 870,803 тоннаға жеткен. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың ірі көлемді қоқыс пен құрылыс қалдықтарына арналған көлемі 8 текше метрлік контейнер орнату бойынша жаңа жоба қолға алынбақ. Бұл үшін бос жер учаскелерін анықтау жұмыстары басталды. Атап өтсек, биыл қалдықтарды фракциялар (құрғақ және дымқыл) бойынша жинау үшін 125 контейнер, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға 50 жаңа контейнер сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, қала тұрғындарының мәдениетін қалыптастыру және экологияны жақсартуда қалдықтарды сұрыптауға арналған заманауи мобильді пункттер орнатылатын болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin