• 24 ноября, 2024 3:22 пп

ШЫМКЕНТ: КӨКБҰЛАҚТА МӘДЕНИЕТ ҮЙІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 6, 2022

Шымкент қаласында мәдениет мекемелерін қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Абай ауданындағы Көкбұлақ елді мекені тұрғындары мәдениет үйінің тозығы жеткенін, оны қайта жаңғырту мәселесін көтерген болатын. Қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуде мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша зерделеуді тапсырған еді. 1988 жылы салынған ғимарат 2012 жылы ағымдағы жөндеуден өткен. Жалпы алаңы – 212,1 шаршы метр. 2017 жылы «Оңтүстік Аймақ Сараптама» ЖШС сараптамасының қорытындысымен ғимарат жарамсыз деп танылған. Таяуда тозығы жеткен ғимаратты бұзып және қайта салу үшін ЖСҚ дайындауға қаржы қаралды. Мердігер «Диас-проект» ЖШС ЖСҚ құжаттарын әзірлеуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға жоспарланып отыр. Жалпы шаһарда әлеуметтік нысандарды қайта жаңғырту, қайта құру жұмыстары кезең-кезең бойынша атқарылуда. Біздің еліміз сан ғасырлық тарихында кездескен ауыртпалықтар мен қиыншылықтарға қарамастан өзінің мәдени ерекшелігін сақтай алды. Ал Тәуелсіздік жылдары біз мәдени іргетасымызды одан әрі бекіте түстік. Бүгінгі таңда Қазақстанда барлық ұлттардың өкілдері өздерінің ұлттық өнерін дамытып, насихаттай алады. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз деп атап көрсеткеніндей, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі елдің ғана ырысы мен табысы мол болады. Бүгінгі таңда осы орайда ұлттық интеллигенцияның алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтуға тиіспіз. Президентіміз  жаңа Жолдауында: Интеллигенция қалыптасқан мемлекет кезінде жаңа жалпы ұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа қаһармандарын көрсету және жасауымыз керек. Интеллигенция ел болашағының ментальді, дүниетанымдық үлгісін жобалауда негізгі рөлді қолға алады және алуға тиіс, деді. Президентіміздің Жолдауда қазақ­стан­дық патриотизм түсінігін жаңа мазмұнмен байыта түсуі тегін емес. Президент атап көрсеткендей, жаңа қазақстандық патриотизм — біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі болып табылады. Осы мақсатта үшінші мегаполисте мәдениет саласы бойынша атқарылып жатқан оңды істер өте көп. Соның бірі мемлекеттік бағдараламалардың сала бойынша атқарар жұмыстары елеулі екендігі баршамызға аян.

Jsk ақпарат

Автор: admin