• 24 ноября, 2024 4:04 пп

ШЫМКЕНТ: Литвалық дәрігерлер Шымкенттік медицина мамандарына шеберлік сабағын өткізді

Автор:admin

Ноя 6, 2022

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін, білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру мақсатында Шымкент қаласына бір топ Литвалық дәрігерлер келді. Тәжірибе алмасу жұмыстары  кезінде медицина мамандары қалалық перинаталдық орталық базасында  кәсіби біліктілігін шыңдады. Шеберлік сабағына қаладағы медицина ұйымдарынан 50-ге жуық маман қатысты. Тренингті өткізу үшін Каунас қаласынан халықаралық деңгейдегі мамандар, профессорлар, магистрден тұратын Литва денсаулық ғылымдары университетінен  мамандар  бригадасы арнайы шақыртылған. Нақтырақ айтқанда,  профессор, акушер-гинеколог Томас Биржетис; неонатолог, профессор Далья Стонене, анестезиолог-реаниматолог  Сергей Истигечев, акушер -Данголе Качкаускене; неонаталдық медбике,  клиникалық күтім магистрі.-Юлия Старик. Өзге елден келген білікті мамандар бір аптаға жуық жүкті әйелдер мен жаңа туған шақалақтарға медициналық көмек көрсету әдістері бойынша біліктіліктерімен бөлісті. Шет елдік мамандардың қатысуымен өткен шеберлік сабағында теориялық біліммен қатар симуляциялық манекендерде практикалық дағдылар да пысықталды. Оқыту жұмыстарын ұйымдастырған мамандардың сөзінше, мұндай шеберлік сабағы жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттырып, ана мен бала өлімін азайтуға зор септігін тигізеді. Расында да мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Қазақстан мемлекеті үшін халықтың денсаулығы ең басты байлық екені ақиқат. Республикамызда осыған байланысты мемлекеттік  бағдарламалар қабылданды. Қазір оны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айқын. Оның нақты бір мысалы ретінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын айтуға болады. Аталған бағдарламаның негізінде «қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру» белгіленгені мәлім. Елбасы тапсырмасына сәйкес, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін ең алдымен азаматтардың денсаулығына көңіл бөлу басты назарда екені айқын. Бұл ретте алғашқыда денсаулық саласын дамытуға қатысты «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келді. Бұл бағдарлама өз миссиясын атқарғаннан кейін оның жалғасы ретінде  арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келді.   – Біз дамыған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мем­лекеттерінің тәжірибесін талдадық және оларда өткен ғасырда құрылған санитарлық қызметтің орнына «қоғамдық денсау­лық сақтау қызметтері» дүниеге келгенін зерделеп, оны өз тәжірибемізге қолданысқа енгізіп жатырмыз.  Сондықтан елімізде де осындай бірыңғай қыз­мет құру  – басты мақсатымыз болып табылады, – деді Денсаулық сақтау министрі  Елжан Біртанов. Ал жалпы айтқанда, қоғамдық денсаулық сақтау қызметі дегеніміз не? Бұл жоба Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған қызмет түрі.   «Литвалық дәрігердің үйрету әдісінің ерекшелегі- олар теория мен практиканы дұрыс ұштастыра біледі. Мәселен екі сағат теория оқытса, сол оқытқан теория сабағы бойынша  практика жүзінде шеберлік сабағын өткізеді. Биыл Шымкент қаласы әкімідігі тарапынан медицина мамандарын оқыту үшін   36 млн қаражат  бөлінді . Жыл басынан бері 10 мыңға жуық медицина маманы кәсіби біліктілігін шыңдады. Мәселен, 800 маман жергілікті бюджет есебінен оқытылса, қалғандары емдеу және аурухана есебінен оқытылған. Менің ойымша, мұндай оқыту жұмыстары  қаладағы мседицина қызмет сапасын жақсартып, мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға зор мүмкіндік береді»-дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Jsk ақпарат

Автор: admin