• 24 ноября, 2024 8:36 дп

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК

Автор:admin

Ноя 2, 2022

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, еркін форматта әңгімелесті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті іс-шара ұйымдастырды.  Кездесуді өткізудегі мақсат – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге мотивациялық серпін беру. Жиында Ш.Мұқан мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін және дағдыларын үздіксіз жетілдіру, кәсіби және жеке құзіреттіліктерін арттырудың маңызы туралы айтып берді. Мемлекеттік қызметшіге артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік этиканы сақтап, өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліне адал қызмет етуге жұмсауы тиіс. Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік. Өз салаларыңның үздік маманы болыңдар, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаев мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшінің халық алдындағы патриоттық сезімін оятып, жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетініне тоқталды. Кездесу бейресми, еркін форматта өтті. Жастар толғандырған сауалдарын қойды.  Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмысқа орналастыру немесе жаңа мамандық игерудің жолдарын көрсетіп берді. Сондай-ақ, демократиялық даму жолындағы зайырлы қоғам құрудың нақты міндеттерін де айқындап берді. Тәуелсіз қазақ елі бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. Осы даму үдерісіндегі басты жетістіктеріміз әлеуметтік-саяси тұрақтылық, ұлт­аралық татулық пен дінаралық келісім болып табылады. Мұның өзі ең алдыменен Елбасының сындарлы саясатының нәтижелері екендігі бар­шамызға аян. Әлеуметтік-экономикалық даму­дың жаңғыру кезеңіне сәйкес келетін бірқатар кешенді міндеттер алға қойылып отыр. Ол әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көріну. Осыған байланысты жаңа экономикалық бағыт ретінде жалпыға бірдей экономикалық прагматизм және ақша несие саясатын реформалау макроэкономикалық саясатты жаңғырту көз­делінді.

Jsk ақпарат

Автор: admin