• 21 ноября, 2024 9:24 пп

ШЫМКЕНТ: НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Автор:admin

Июн 4, 2022

Сыбайлас жемқорлық  — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық және ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев мекеменің 2022 жылдағы 5 айдың атқарған жұмыстарын қорытындылау барысында Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында хабарлады.

— Бүгінгі таңда әлемде корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс институты болып табылады. Комплаенс мамандарының міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау, — деді. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша  квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 206 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда. Сонымен қатар, брифинг барысында ол алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелеріне тоқталды. «Бұл институт мемлекеттік органдардың ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі және олар шығаратын құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюдың нақты тетігіне айналды. Жыл басынан бері Департаментпен 2 мекеменің қызметінде сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 56 ұсыным енгізілді»,- деді Ж.Жұмабаев. Брифинг барысында жобалық басқару бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты жобалардан тұратын №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытының негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Jsk ақпарат

Автор: admin