• 24 ноября, 2024 3:57 пп

ШЫМКЕНТ: НҰРШУАҚТА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САНЫН КӨБЕЙТТІ

Автор:admin

Ноя 6, 2022

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы тұрғандарын қабылдауы барысында 110 ұсыныс келіп түскен. Бүгінде оның 72-сі орындалып, 26 ұсыныс бойынша жұмыс жүргізілуде, ал 12 ұсыныс 2023 жылдың жоспарына енгізілді. Тұрғындардың талап-тілегі – әрқашан маңызды. Соңғы жылдары Нұршуақ шағынауданында тұрғындар ұрлықтың жиі орын алып жатқаны жайлы шағымданып, шаһар басшысына осы қылмыстың алдын алуға арналған жұмыстарға ықпал етуді сұраған болатын. Бүгінде шағынауданға 5 учаскелік полиция қызметкері бекітіліп, қылмыстың алдын алуға күнделікті рейдтік шаралар ұйымдастырып жатыр. Сонымен бірге 5 орынға бейнебақылау камераларын орнату мәселесі шешілмек.  Бұдан бөлек, Нұршуақ шағынауданының тұрғындары қала әкіміне табиғи газ, электр жарығы және кәріз құрылысы жөнінде мәселесін жеткізіпті.  Қазір мемлекеттік жүйедегі электр жарығын тарту құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмысы жүргізілуде.  Табиғи газбен қамту үшін «Энергоресурс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы қарқын алған. Ел игілігіне беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр. Полиция қызметкерлері Конституцияға адал болып, еліміздегі құқықтық тәртіпті және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше қорғауды қамтамасыз етіп келеді. Ішкі істер органдарында қызмет ету әрбір қызметкерден кәсібилікті, төзім мен табандылықты, азаматтардың заңды мүддесі мен құқықтарының бұлжытпай сақталуын талап етеді. Осы талаптардың барлығы бүгінгі тәртіп сақшыларының бойында бар. Олар мемлекеттің өсіп-өркендеуі және қоғамдық тәртіпті сақтау жолында жанкешті еңбек етіп жүр. №19 учаскелік полиция пункітінің қызмет нәтижелері жоғары бағаланды. Бүгін, тәуліктің бірінші жартысында осы үздік учаскелік пункітке барып, жұмысымен етене танысып қайтқан едік.  Аталмыш полиция пункітінде жауапты  аға инспектор полиция майоры Альберт Ералы, полиция майоры Ермек Каюпов, полиция капитаны Ақылбек Бисенов, полиция лейтенанты Тимур Камешев, инспектордың көмекшісі полиция лейтенанты Әбілбашар Дінмұхамед қызмет атқарады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция капитаны Динара Темированың жас жеткіншектермен, олардың ата-аналарымен бірлесе атқаратын қызметі өз алдына бір төбе.  Ал, тоқсанына бір рет  тұрғындардың қатысымен өтетін жиындар, осы аймақтағы білім ошақтарындағы  жиналыстарға қатысу, қылмыстың алдын алу мақсатында мектептегі семинар-тренингтере бару, «Құқығыңды білесің бе», «Мен елімнің ұланымын», «Заң аясында», «Заң таразысы», «Әлем-балалар көзімен» атты өткен кездесу кештеріне барып қатысқандары туралы аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры  Альберт  Ералы баяндап берді. Сөз жоқ, бұзақыларды бұғалықтау үшін 2022 жылдың 10 айында инспекторлар қызу жұмыстанды. 9 айда бұл аймақта 58 қылмыс, 544 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның 27-сі тұрмыстық зорлық-зомбылық, 89-ы бұзақылық,        Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзуға қатысты  200-баппен-1, тыныштықты бұзуға қатысты-14 факті  тіркелді.  Учаскелік полиция инспекторлары осы аймақта тыныштықты бұзып, шу шығарған тұлғалар үстінен түскен шағымдар жиі болғанын жасырмайды. Әлбетте, тыныштықты бұзатындар жалдамалы пәтерде тұратындар. Олардың айқайлап, дауыс көтере  сөйлеп, шишалатып, ұйқыдағы көршілерінің берекетін қашыратыны да жасырын емес.

Jsk ақпарат

Автор: admin