Шымкент полициясы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары аясында, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінде өткен іс-шараға Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков қатысты. Бауыржан Карбеков жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін ескертті. Сондай-ақ есірткіге жолағандардың тағдыры туралы нақты мысалдар келтіріп, қылмыстан аулақ болуға шақырды. Бұған қоса, жас жігіттерге ағалық ақылын айтып, мақсатқа ұмытылуға, салауатты өмір салтын ұстануға және жақындарың сенімен мақтанатындай жақсы өмір сүруге насихаттады. Жиын соңында студенттер өздерін мазалаған әртүрлі сауалдарды қойып, нақты жауап алды. Шымкент полициясы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударуда. Көптеген жастардың өмірін бүлдіріп, қоғамды ауыр сырқаттармен жұқтыратын нашақорлық мәселесі – бүгінгі таңда ең өткір әлеуметтік проблема. Сондықтан, полиция қызметкерлері жастармен тығыз байланыс орнатып, оларға есірткі заттарының зияны туралы түсіндіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуді басты міндет ретінде алып отыр. Шымкент полициясының қызметкерлері тек лекциялармен шектелмей, жастарды нашақорлық туралы құқықтық біліммен қанықтыруда. Заңнаманы түсіндіру, есірткі саудасымен айналысатындардың жауапкершілігі мен жазалары туралы ақпарат беру арқылы жастардың құқықтық мәдениетін арттыру басты назарда. Шымкент полициясының жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстары жастардың есірткімен байланысын үзуге және олардың болашағын жарық етіп, салауатты азаматтар болып қалыптасуына көмектесуде. Жастардың жаңа буынын нашақорлықтан қорғап, оларға тиімді бағытта білім мен тәрбиені ұсыну – бүгінгі қоғамның міндеті.
Jsk ақпараттық агенттігі