Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу принципі маңызды деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағдарламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа межесі ретінде 2050 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өркениетті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мерзімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осындай бағдарламаны ғаламдық саяси институт БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тиянақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған басты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елінің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақстандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды. Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсетілген. Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін желі тарту жұмыстары жалғасуда. Солардың бірі, Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай шағын ауданында электр желісі 90%-ға тартылды. Ал жұмысты толық 100% аяқтау қыркүйек-қазан айларына дейін жоспарланған. Жұмыс біте салысымен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жүргізілетін болады. Айтып өтейік, мұндағы құрылыс былтыр басталған еді. Бүгінге дейін 4737 электр бағанасы және 52 трансформатор орнатылып, 1149 шақырымға желі тартылды.
Jsk ақпарат