• 12 августа, 2025 3:12 пп

ШЫМКЕНТ: СЫРТҚЫ ЖАРНАМАЛАРДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Авг 12, 2025

 

Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және ретсіз ілінген жарнама баннерлерін біріздендіру мақсатында кәсіпкерлік нысандардың қасбеттері мен маңайын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ескірген, мазмұны талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ рұқсатсыз орнатылған жарнамалық конструкциялар алынып, олардың орнына заңнамаға сай, эстетикалық тұрғыдан үйлесімді көрнекі ақпарат орналастыруға ұсыныс берілуде.

Түсіндірме шаралары мегаполистің көрінісін жақсартып қана қоймай, кәсіпкерлік нысандардың тартымдылығын арттыруға да мүмкіндік береді.

Еліміздің «Жарнама туралы» Заңының 7-бабының талаптарына сәйкес, рұқсатсыз орнатылған немесе бекітілген үлгіге сай емес жарнамалар алынып тасталады. Талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады.

Автор: admin