• 28 ноября, 2024 7:54 пп

Шымкент тарапынан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде!

Автор:admin

Июн 15, 2023

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 17,9 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 3 176  жобаға 7,9 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Одан басқа, мемлекеттік бағдарламадан бөлек, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда.  Бағдарлама аясында 1,4 млрд. теңге бөлініп, жыл басынан 153 жобаға 412 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.  Бұл ретте, жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру қаралған. Одан басқа бағдарлама аясында кәсіпкерлерге өндіріске бағытталған жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған, атап айтқанда 2 пайыздық мөлшермен   50 млн. теңгеге дейін несиелер алуға болады. Сондай-ақ іс-шара аясында өнеркәсіптік парктерде үш жыл ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын кәспорындардың жалдау ақысының шығындары өтеледі —   1-ші жыл 75%, 2-ші жыл 50%, 3-ші жыл 25%. «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық  кәсіпкерге, оның ішінде жыл басынан 5 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде.  Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілер саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты. жалпы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 666,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 6,7 пайызға артқан. Қала экономикасына 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Ал, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101 мыңнан астам бірлікті құраса, бөлшек сауда көлемі 417,9 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артып отыр.Тассай индустриалдық аймағында ашылған біріккен кәсіпорындардың өнімдері нарықта сұранысқа ие.

Jsk ақпарат

Автор: admin