• 22 сентября, 2024 11:31 пп

Шымкент: шалғайдағы елді мекендерге инфрақұрылым жүйелері тартылып, шырайы кірді 

Автор:admin

Окт 7, 2023

Шымкент қаласының әкімдігінің өкілдері «Көмешбұлақ» су құбырының құрылыс барысын тексерді. Бұл қаланың Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында салынуда. Ұзындығы 30 шақырымнан асады. Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке — 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі уақытты қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды су құбыры мен 11 ішкі орамдық жүйелердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде биыл 9 елдімекендегі құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағынаудандарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Қала әкімдігінің салаға жауапты мемлекеттік қызметшілері әрбір тұрғын алап пен шағынаудан тұрғындарына жасалатын жұмыстар туралы аудан әкімдері тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңызды екенін айтты. Шымкентті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – уақыт талабы. Республикалық мәртебеге ие болғанына 5 жыл толған еліміздің үшінші мегаполисінде түрлі салаларда атқарылған жұмыстар еселене түсті. Бұрынғы топырақ жолдарға асфальт төселіп, көше бойлары мен аулалар абаттанып, жылдан жылға көпқабатты зәулім үйлер көбейді.

Бәрінен де қаладан жырақтағы ағайынның қала орталығына жетуі жеңілдеді. Шалғайдағы елді мекендерге инфрақұрылым жүйелері тартылып, шырайы кірді. Ауыз су, электр жарығы және көгілдір отынмен қамту ісінде де ауыз толтырып айтар жетістік көп. Бүгінде елді мекендердің жаңақұрлысы аумақтарына инфрақұрылым тарту жұмысы қызу жүріп жатыр. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдар аралығында даму жоспары бекітілген. Жол картасында бес айқын бағыттың бірі ретінде қала аумағын инжинерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы көрсетілген. Яғни, ауыз су, электр жарығы және табиғи газ, кәріз жүйесі, сарқынды суды тазалап, кәдеге жарату, тозығы жеткен жылу жүйелерін қалпына келтіру секілді жұмыстар қаралған. Осының негізінде 12 индекатор бекітілген. Атап айтқанда, 2024 жылдың жоспары бойынша ауыз сумен қамтуды – 99 пайызға, сапалы электрмен қамтуды – 100 пайызға, кәріз желісін – 65 пайызға, табиғи газбен қамтуды – 96 пайызға жеткізу, ал, жылу желілерінің тозу деңгейін 33 пайызға төмендету мақсаты тұр. Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз суды тұтынады. Тіршілік нәрін кезекпен берілетін Құрсай, Сайрам шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында құбыр тарту құрлысы жүріп жатыр. Құрсай шағынауданында екі кезең негізінде жүзеге асып жатқан су желісі құрылысының бүгінде 90 пайызы орындалып, аяқталуға таяп қалды. Негізінен осы үш елді мекенмен қосқанда қала аумағында 6 нысанда құрлысы жүріп жатыр. Олар –Құрсай 1,2 кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам шағынауданында 1,2 және 3 кезек, Еңбекші ауданындағы Тоғыс, Айнатас, Қаратөбе, Қарабастау, Жұлдыз және Жыланбұзған елді мекендерінің жаңақұрылыс аумағындағы 2288 абонентке арналған су құбырының желісі. Басқарма басшысының сөзінше, аталған алты нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, 72 мыңға жуық адам сапалы ауызға қол жеткізеді екен. Осылайша Шымкенттің ауыз сумен қамту көрсеткіші толық орындалып, 98,5 пайыздан 100 пайызға жетеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin