• 24 ноября, 2024 4:06 пп

Шымкент: шағын және орта бизнесті дамыту міндеті тұр!

Автор:admin

Май 11, 2023

Бүгінде атқарушы органдардың мойнында шағын және орта бизнестің, жалпы, өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейту міндеті тұр.  Мұрат Әйтенов осы мақсатта Шымкент қаласында төртінші – «Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылатыны бәрімізге белгілі.

– Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады. Аймақта 180 миллиард теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылады. Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, сондай-ақ жуырда бірқатар индустриалды және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен жаңа өндіріс орындарының ашылу рәсіміне қатысты. Ол шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруға қосып отырған үлестері үшін кәсіпкерлерге ризашылығын білдіре отырып, жаңа кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына табыстар тіледі. Жаңа өндіріс желілерін іске қосуға 6,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Іске қосылған кәсіпорындардың ішінде алты  жоба индустриалды өндіріс орындары болып табылады. Олардың ішінде металл және темір бұйымдары, корпустық жиһаз, автомобиль шынылары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп жобалары іске асты. Ауыл шаруашылығы саласында бес жоба жұмысын бастады. Аграрлық салада жылыжай шаруашылығы іске қосылса, мал шаруашылығында ірімшік және сүт өнімдері, минералды су цехтары, тауарлы сүт фермасы, мал  шаруашылығы жобалары жүзеге асты.  Қазіргі кезде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді түрде қызмет атқарады. Өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнім көлемінің төрттен бірін құрайды. Өткен жылдың қорытындысымен қаланың өнеркәсіп саласында 654,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Jsk ақпарат

Автор: admin