• 22 сентября, 2024 4:52 дп

ШЫМКЕНТ: ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 9 ЖОБА ҰСЫНЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 2, 2023

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселе 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалу барысы және алдағы айлардың жоспары туралы болды. Биылғы жылға инвестициялық әлеует 721 миллиард теңгеге жоспарланған. Жыл басынан бері, яғни нақты айтқанда 2023 жылдың 6 айында 223,6 миллиард теңге орындалды. Жыл соңына дейін 278,6 миллиард теңге инвестиц тарту межеленген. Оның ішінде бюджеттік инвестициядан игерілетіні 217 жобаны құрайтын 112 миллиард теңге.  Бүгінгі штаб отырысында 9 жоба ұсынылды. Олардың қатарында led экран шығаратын зауыт, автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт, пенопласт өндіруші кәсіпорын жобалары бар. Жобалар «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалдық аймағында орналасады. Шымкент қаласында 2022-2025 жылдар аралығында 2,6 трлн. теңгеге 20 мың жұмыс орнын құрумен 242 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 240 млрд. теңгеге 2,5 мың жұмыс орнын құрумен 65 инвестициялық жобаны іске қосу жооспарланған. Олар:

-Өңдеу өнеркәсібінде 52 млрд. теңгеге 16 жоба

-Ауыл шаруашылығында 14 млрд. теңгеге 13 жоба

-Сауда саласында 6 млрд. теңгеге 6 жоба

-Білім, денсаулық сақтау саласында 12,9 млрд. теңгеге 12 жоба

— Коммерциялық тұрғын үйлерді салу 143 млрд. теңгеге 17 жоба

— Көлік және туризм саласында 14,1 млрд. теңгеге 2 жоба.

Сонымен қатар, 2025 жылдарға дейін өнеркәсіп саласында 540 млрд. теңгеге 7,9 мың жұмыс орнын құрумен 62 жобаның пулы жасақталған. Бұл өз кезегінде қосымша 150 млрд. теңгенің өнімін өндіруге және 100 млн. АҚШ доллары болатын өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясат аясында Шым­кентті индустриалды қала ретінде да­мытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қабыл­дан­ған «Бизнестің жол картасы-2025», «Қара­пайым заттар экономикасы» және «Еңбек» нә­тижелі жұмыспен қамту бағдарламалары та­бысты іске асып келеді. Бұл қала эко­но­ми­касының дамуына үлес қосып, халықты жұ­мыс­пен қамтуға, тұрмысын жақсартуға мүм­кіндік береді.
Іске қосылған кәсіпорындардың қа­та­рын­да жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өн­ді­ре­тін SAGITEX GROUP ЖШС фабрикасы бар. Жобаға 337 млн теңге инвестиция тартылған. Жы­лына 400 000 дана ішкиім өнімдерін тігіп, са­тылымға шығаруды жоспарлап отыр. Өн­діріс орны үшін «Оңтүстік» арнайы эко­но­ми­калық аймақтан 1 гектар жер берілген. Мұн­да әзірге 11 адам жаңа жұмыс орнымен қам­тылған.
Сонымен қатар осы күні автомобиль шы­ныларды жасап, монтаждаумен айналысатын «Балкибеков» ЖК жұмысын бастады. 20 жұмыс орны ашылған кәсіпорынға 40 млн теңге инвестиция тартылған. Енді мұн­да жыл сайын 5 000-нан аса шыны шы­ғарылатын болады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin