• 21 сентября, 2024 9:52 дп

Шымкент экономикалық қозғаушы күшке айналды!

Автор:admin

Июл 12, 2023

Экономикалық еркіндік – елдің шынайы тәуелсіздігін көрсететін барометрі. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұған, алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформалардың нәтижесінде қол жеткіздік. Нарықтық реформалар, индустриаландыру және шетелден келген инвестиция өндірістегі өнімділікті арттырып, экономикалық өрлеуге қозғаушы күш болды. Экономиканың дамуы халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, сол арқылы демографиялық дүмпуге жол ашты. Мәселен, егемендік алған 1991 жылы Шымкент қаласы халқының саны 440 мың адам еді.  2023 жылы шымкенттіктер 1 миллион 200 мың адамға жетті. Сөз жоқ, демографияның өсуіне біріншіден халықтың табиғи өсімі әсер етті. Ал, осы табиғи өсімді қамтамасыз етуде алдымен экономиканың тікелей әсері бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шымкентте де өте күрделі қаржылық-экономикалық және әлеуметтік қиындықтар болды. Соның нәтижесінде қаншама жұмыс орындары ашылып, халықтың күнкөріс деңгейі артты. Ең бастысы, Шымкент Қазақстанның тек мәдени-тарихи қаласы ғана емес, сонымен қатар өндірістік орталықтарының біріне айналды. Тәуелсіздіктің отыз жылдық бедерінде мегаполисте бірнеше өндірістік салалар шаһардың экономикалық қозғаушы күшіне айналды. Олардың қатарына химия, фармацевтика, агроөндірістік кешен, қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісі тағы да басқа салаларды жатқызуға болады. Осы аталған салаларда өнім өндірген кәсіпорындардың тауары ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, алыс-жақын шет мемлекеттерге де экспортталып, солардан түскен салық және басқа да табыстар халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына зор септігін тигізді. Әсіресе, Шымкент қаласының бюджеті еселеп өсті.

Jsk ақпарат

Автор: admin