• 16 сентября, 2024 8:39 пп

Шымкент экономикасына өлшеулі үлес қосатын – шағын және орта бизнес!

Автор:admin

Июл 17, 2023

Отандық өнім демекші, ағымдағы жылдың соңында Тассай индустриалдық аймақта медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Адам өмірі үшін аса маңызды инсулинді инелер енді өзімізде өндіріледі. Жаңа бағыттағы өндіріс елдің қажеттілігін қамтып қана қоймай, шетел нарығына шығуды көздеп отыр. Жоба құны – 500 млн. тенге. Сонымен қатар, мұнда медициналық бетперде де жасайды. Жұмыспен қамтылған жергілікті тұрғындардың бірі, Ералы Құлаш:»Мастермін, қарамағымда 10 адам жұмыс істейді. Барлық жағдай жасалған. Жақында отбасын құрдым. Жұбайым «ЭкоФарм»-да жұмыс істейді. Біз сияқты жас отбасы үшін тұрақты жұмыс маңызды». «Тассай» индустриалды аямағында биыл жүзеге асқан жобалардың бірі тұрмыста тұтынатын заттарды шығаратын мына кәсіпорын. 60 адамды жұмыспен қамтыған өндірістің өнімдері сұранысқа ие. Экономиканың драйвері шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қаланың іргесіндегі индустриалды және арнайы экономикалық аймақтарда кәсіпкерлерге жер телімі беріліп, инфрақұрылымы тартылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылып, онда жалпы құны 8 млрд-ты құрайтын 10-ға жоба жүзеге асырылады. Темір балқыту, және де металлургия саласындағы шығарылған өнімдер   өзімізді  отандық өнімдермен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен штаб өтіп онда инвестиция тарту және кәсіпорындардың қатарын көбейту мәселелері талқыланады». Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында өндірілетін тауарлардың 20,7 пайызы Шымкентте жасалады. Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғаюда. Мәселен, Шымкентте биыл жылдың алғашқы алты айында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 миллиард 566,7 миллион теңге болды. Өткен 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл, 134,1 пайызға артқан. Шымкенттен шығатын өнімнің 3,9 пайызын жеңіл өнеркәсіп саласы құрайды. Мегаполисте әсіресе, тоқыма бұйымдарын жасау кең өріс алған. Нақтырақ айтсақ, республикада өндірілетін мақта-мата өнімдерінің 87 пайызы, шұлықтың 68 пайызы, кілемнің 100 пайызыШымкенттен шығады.Осылайша үшінші мегаполис отандық текстиль өндірісінің ірі орталықтарының біріне айналды. Өңірлік бөліністе қаланың жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 9,6 млрд.теңгені құрады. Көрсеткіш, ел бойынша бірінші орынға шығып, өткен жылмен салыстырғанда 134,1 пайызға ұлғайды.

Jsk ақпарат

Автор: admin