• 8 сентября, 2024 3:48 дп

ШЫМКЕНТ: «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Автор:admin

Июн 14, 2023

Шымкент қаласында шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан басқа «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Сонымен қатар, өнеркәсіптік парктерді дамыту үшін шаралар қабылдануда. Ол бойынша кәсіпкерлерге тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорындардан өнеркәсіптік алаңдар беріледі. Сондай-ақ өнеркәсіптік парк аумағында өз жобасын іске асыру үшін 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріледі. «Іскер қала» бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт — өндіріс саласы бойынша қалада тоқтап тұрған немесе бос тұрған ғимараттардың ішінде өндірістік парктер құру. Екінші бағыты – ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы якорлы кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету. Үшінші бағыт – 1000 сауда нүктесі. Жалпы, осы «Іскер қала» бағдарламасының іске асырылуы арқылы 3 жылда 13,3 млрд.тг. инвестиция тартуға, 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, 1 мыңнан астам жаңа кәсіпорындардың ашылуы межеленген. Нәтижесінде бюджетке жылына 103 млн.тг. салық түсуі күтілуде. Былтыр Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағының жанынан «Silkway Alliance» өндірістік паркі іске қосылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парк «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған пилоттық жоба. Мұндағы барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған дайын өндірістік алаңдар кәсіпкерлерге ұсынылатын болады. Парктің жалпы алаңы 4,4 га құрайды. Оның 3 мыңға жуық текше метрі өндірістік алаңдар үшін, ал, 1 мыңнан астам текше метрі кеңсе алаңы үшін жалға беріледі.
Jsk ақпарат

Автор: admin