• 26 ноября, 2024 11:19 дп

ШЫМКЕНТ: «ҚАЗЫҒҰРТ КЛИНИКАСЫ» МЕДОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Авг 5, 2022

 

Шырайлы шаһар тұрғындары спортпен белсенді айналысып, өз денсаулықтарын күту жолында көптеген медициналық-спорттық орталықтардың көмегіне жүгінуде. Салауатты  өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүру үшін қажетті іс- әрекеті мен қызметіндегі ақыл,зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көтеретін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы бағыт болуы аса маңызды екенін айтады. Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті- спорт,сондықтан да оның мәні  ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке талпынысы, психологиялық  ерекшіліктері  осы ойын түрінде қалыптасады. Спорттың адам өміріндегі рөлі, ол еңбекпен, өнермен,қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған ,яғни спортты өмірден ажыратып қарай  алмаймыз. Еліміздің көркейіп болашақта өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Сондықтанда дені сау,жаны таза,серіктестік қатынас жасаудың алғашқы іскерліктерін меңгерген, бір-бірімен, үлкендермен жағымды қарым-қатынас жасауға қабілетті,тәрбиелі,білімді, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға үлес қосатын  ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат. Осыған байланысты Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында “Қазығұрт клиникасы” медорталығының екінші филиалы ашылды. Жаңа емдеу орталығының ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, орталықтың мүмкіндігімен танысты. Шыңғыс Жұмабекұлы қалада жекеменшік емханалардың көптеп ашылуы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартатынын атап өтті.

— Осыдан екі жыл бұрын жекеменшік емханалар қала халқының 25-30 пайызына қызмет көрсетсе, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 50 пайызға жетті. Медицина саласында жекеменшік сектор қарқынды дамып келеді. Әрине, бұл орайда сапалы қызмет атқару керек. Жаңа медицина орталығының қызметіне сәттілік тілеймін, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Тәулігіне 80 адам қабылдай алатын медициналық мекеме заманауи құралдармен жабдықталған. Орталықта кардиолог, хирург — ортопед, уролог, гематолог, эндокринолог, гинеколог, офтальмолог мамандар қызмет атқарады.

Орталықта жалпы 95 адам жұмыс істейді.

Емдеу орталығы халық денсаулығының жақсаруы мен өмір жасының ұзаруын арттыруға өз үлесін қосатын болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin