• 26 ноября, 2024 12:37 пп

ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ 2024 ЖЫЛЫ БЕРІЛЕДІ

Автор:admin

Окт 9, 2023

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков мәлім етті. Қазір шаһардағы 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Құрсай, Сайрам және Қайнарбұлақ тұрғын алабының тұғындары суды белгіленген кесте негізінде пайдаланып отыр. Осы аталған үш елді мекенде құрылыс жұмыстары І-ІІІ кезең аралығында жүргізіліп жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, жылдың соңына дейін алты нысан пайдалануға беріледі екен.

–Ауыз су құбырын тарту бойынша 6 нысанда құрылыс жүргізіліп жатыр. Нысандар 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілсе, қала аумағын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек. Мемлекеттік жүйедегі электр қуатын тарту құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Қаламыздағы 81 елді мекеннің 79-ы сапалы электрмен қамтылған, 2 елді мекен жекеменшік трансформатордан жарық алып отыр. Төрт елді мекенде ішкі жүйелер, қосалқы станция мен электр тарату бекетінің құрылысы басталып кетті, — деді басқарма басшысы. Шымкентте 27 елді мекенге табиғи газбен жартылай қамтылған. Төрт елді мекен, атап айтқанда Қайнарбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Сәуле 276 орам және Айкөл мүлдем қамтылмаған. Биыл құрылысы 2022 жылдан өтпелі елді мекендерде жұмыс аяқталады деп жоспарланған. Олар: Тассай, Тұран шағынауданында ІІІ кезек, Асар-2, Сәуле, Солтүстік саяжай және Бозарық шағынаудандары. Жуырда Нұртас пен Ынтымақ-2 шағынауданына газ тарту үшін мердігер мекеме анықталды. Нұртасқа газ биыл беріледі. Ал, Ынтымақ-2-нің жұмысы 2024 жылға өтпелі. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайын табиғи газбен қамту құрылысы екі кезеңде жүзеге асып жатыр.

–Қайнарбұлақтағы І-кезең құрылыс биыл аяқталса, ІІ-кезеңнің жұмыс 2024 жылға өтпелі. Десе де, ІІ-ші кезеңнің құрылысы келер жылы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылған соң ғана тұрғын алап пен саяжайға бірдей газ беріледі, — деп М.Ердембеков өз сөзін толықтырды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin