• 9 августа, 2025 2:21 пп

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Автор:admin

Авг 9, 2025

Қала аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. «Жұлдыз» тұрғын алабындағы Машһүр Жүсіп көшесінің ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда оның 900 метріне асфальт төселіп, қалған бөлігі ағымдағы айдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар Қаратау және Еңбекші аудандарындағы Фуркат пен Көкқайнар көшелерінде де жол төсеу жұмыстары жалғасуда. «Сайрам» тұрғын алабында биыл жөндеуден өтуі тиіс 158 көшенің 37-сі толық асфальтталып үлгерген. Қалған 121 көшеге жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Қаладағы ірі инфрақұрылымдық жобалар қатарында Момынов көшесіндегі жол өткелі құрылысы, Қойкелді батыр көшесіндегі теміржол үстімен өтетін көпірдің күрделі жөндеуі және «Достық» тұрғын алабындағы Хан ордасы көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары бар. Сонымен бірге «Нұршуақ» шағынауданындағы Саясу мен Тұздыбастау көшелерінде, сондай-ақ «Жаңа Талап» шағынауданындағы Айбар мен Спанұлы Пәзіл ата көшелерінде жол салу жұмыстары жүріп жатыр.

Жол сапасын жоғарылату және жаңартылған көшелерге көше жарығын орнату – негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырылуда.

Автор: admin