• 19 сентября, 2024 4:26 пп

Шымкент қалалық Антикор кәсіпкерге жеткізген тауары үшін 180 млн теңгеден астам ақша алуға көмектесті

Автор:admin

Июн 7, 2024

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қалада төтенше жағдай кезінде сатып алынған 5 мың газқағарды қабылдамаған және біржақты тәртіппен келісімшартты бұзған «Мамандандырылған база» КММ лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне кәсіпкер шағымданды. Сот талқылауларының қорытындысымен әкімдіктің мамандандырылған мекемесінің шешімдері заңсыз деп танылғанымен, тауарлар қабылданбай, төлем жүргізілмеген. Департаменттің араласуынан кейін әкімдікке хат жолданып, нәтижесінде «Өртке қарсы қызмет орталығы» ЖШС газқағарларды жеткізіп, ол үшін Тапсырыс беруші 187 млн теңге төледі. Бизнесті қорғау бойынша жұмыстар жалғасуда. Мемлекеттік басқару органдары мен билік қызметінің түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлық күрделі мәселесі бүгінгі таңда жаһандық сипатқа ие болды. Сыбайлас жемқорлық кез келген елдің ең күрделі әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселесі болып табылады. Азаматтардың көпшілігі нығайған билікті жемқорлық ауруына қарсы рецепт ретінде қарастырып, саяси ерік-жігері болған жағдайда бұл құбылысты бірден жеңуге қабілетті деп санайтынын атап өтуге болады. Бұл ретте, мықты мемлекетке үміттене отырып, көбі азаматтық қоғам институттары арқылы жағдайға әсер ете алатынына сенбей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысу мүмкіндігін қарастырмайды. Әлемдік ауқымдағы осы қылмыстық құқық мәселесінің айқын мысалы 1999 жылғы 27 қаңтарда қабылданған «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Еуропа кеңесінің конвенциясын қабылдау болып табылады. Республикамызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бар. Қазақстандағы экономикалық модернизация мен ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас стратегияның қажеттілігі айқын болды. Стратегияның мақсаты -мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне, мәселені айшықтап төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету қарастырылған.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin