• 19 сентября, 2024 11:29 пп

Шымкент: Қалалық сот есеп берді

Автор:admin

Авг 3, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар аталған салаға жаңадан білікті мамандарды жұмылдыруға, әділ сот төрелігін орнықтыруға тиіс екенін айтқан еді. Президент:«Мұндай шаралар, ең алдымен, қоғамның соттарға деген сенімін нығайту үшін жасалып отыр. Сонымен қатар соттар мен сот рәсімдері қазіргі заман талабына сай болуға және азаматтарымыздың, бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға тиіс» деді. Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Гүлмира Қыдырбаеваның айтуынша, биылғы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттың өндірісіне түскен әкімшілік талаптардың жалпы саны 999 істі құраған. Ал өткен жылдан 91 іс қалдық ретінде өткен, яғни осы жылдың 6 айындағы соттың өндірісіндегі жалпы талап қоюлар саны 1090 әкімшілік істі құрайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Бүгінде бірінші сатылы сотқа түскен әкімшілік талап қоюлардың жалпы 546-і кері қайтарылған. Осы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттың өндірісіндегі жалпы 1090 әкімшілік істің қаралып аяқталғаны, кері қайтарылған талап қоюларды қоса есептегенде 884 істі құраған. Осы аяқталған 884 әкімшілік істің 253-і шешімді (23,2%), 631-і (57,8%) ұйғарымды құраған. Ұйғарымдардың 79 татуласу рәсімімен, 6 соттылық бойынша, ал 546-ы талап қоюды кері қайтару бойынша шығарылған ұйғарымдар (жеке ұйғарым, талапты қамтамасыз ету, ақшалай өндіріп алу туралы сот актілерін қоспағанда). Бірінші сатылы сотпен қабылданған жалпы 253 шешімнің 139-ы (54,9 %) талап қоюды (ішінара) қанағаттандырумен, ал 114-і талап қоюды қанағаттандырудан бас тартумен шығарылған. Бұдан бөлек, 6 әкімшілік іс соттылығы бойынша жолданған. Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына биылғы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттан сот алқасына апелляциялық тәртіппен түскен әкімшілік істердің жалпы саны 303 істі құраған. Түскен шағымдардың ішінде 160-ы апелляциялық шағым, 143-і жеке шағым. Ал 6 іс Жоғарғы Соттан сот актілерінің күші жойылуына байланысты басқа құрамда қарау үшін түскен. Жыл басынан бері сот алқасының өндірісіндегі 303 істің 295 ісі қаралып, аяқталған. Жалпы қаралып аяқталған істерден бөлек 8 іс АПК-нің талаптарын орындау үшін бірінші сатылы сотқа қараусыз кері қайтарылған.
Алқамен аяқталған әкімшілік істердің:
— 249-ы (116 шешім, 133 ұйғарым) өзгеріссіз қалған.
— 7-і (7 шешім) өзгертілген.
— 35-нің (15 шешім, 20 ұйғарым) күші жойылған. Күші жойылған 15 шешімнің 13-не қатысты жаңа шешім шығарылған.Осы 6 айда алқамен жалпы 4 жеке ұйғарым қабылданған, олар зңды күшіне еніп барлығы орындалған. 2024 жылдың 6 айында сот алқасымен процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылмаған.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin