Су адам үшін ең құнды өнім болып табылады, біздің ағзамыз 60-70% судан тұрады. Су ағзадағы барлық физико-химиялық процесстерге қатысады. Күн сайын адам суды ішуге, тамақ дайындауға, денені таза ұстауға, үйлерді тазартуға, көшелерді суаруға пайдаланады. Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және қолайлы органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс. Қазақстан Республикасында ауыз судың сапасына қойылатын талаптар 16.03.2015 жылғы №209 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен белгіленген. Жер асты сулары ең қауіпсіз болып табылады. Шымкент қаласы үшін сумен жабдықтау көзі жерасты Ақбай-Қарасу су қабылдағышы ұңғымалары болып табылады, олардың тереңдігі 75-80 м құрайды, халық 97,6% сапалы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, халықтың 2,3% құбырлы құдықтардан суды пайдаланады және 0,1% тасымалданатын суды пайдаланады. Халыққа берілетін су құбыры суының сапасына санитарлық қызмет ай сайын мониторинг жүргізеді. Қаланың таратушы су құбыры желілерінде 111 бақылау нүктелері анықталған, олардың ішінен зертханалық зерттеулерге су алу жүргізіледі. 2021 жылдың 8 айына бактериологиялық зерттеулерге су құбыры суының 658 сынамасы алынды, санитариялық нормалар талаптарына жауап бермейтін сынамалар жоқ, санитариялық-химиялық зерттеулерге 151 су сынамасы алынды, оның 1 (0,7%) сынамасы санитариялық нормаларға жауап бермейді. Өткен кезеңде қала бойынша су факторымен байланысты халық арасында жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Үшінші мегаполисте ауыз су мәселесі толығымен шешіліп келеді. Қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін қала әкімдігінің салаға жауапты басшылары да айтып жүр, мәселені шешуді күн тәртібен түсірген емес. Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-ы су құбырларымен қамтылған. 3 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі. Биыл 8 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар: Құрсай 1,2 елді-мекені, Текесу, Нұртас, Қайнарбұлақ, Асар-2. Оған Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыстар Сайрам 1,2 елді-мекендерін тағы қосыңыз. Жыл қорытындысымен 5 нысанның ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 20 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекен ауыз суға қол жеткізеді. Жауаптылар 2023 жылы Шымкент қаласында ауыз су мәселесі толықтай шешіледі деп сендіріп отыр. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, қараша айында Асар-2 мен Текесу елді-мекендеріндегі жұмыстар аяқталып,пайдалануға берілді. Ал желтоқсан айында Нұртас 2, Құрсай 1,2 шағынаудандарындағы нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Нәтижесінде 20 мыңнан астам адамды сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік беріп, қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға дейін өсіру көзделген.
Jsk ақпарат