Шымкентте туберкулездің алдын алу және онымен күрес шаралары белсенді түрде жүргізілуде. 2025 жылы бұл жаһандық серіктестік «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз» ұранымен өтуде.
Туберкулез дегеніміз не?
Бұл – өкпені және басқа ағзаларды зақымдайтын жұқпалы ауру. Ол жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде ауа арқылы таралады. Жұқтыру үшін науқастың бөлетін микобактерияларын аз мөлшерде жұту жеткілікті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Турымбетова Айгуль Мелесқызы мәлімдеді.
Шымкент қаласы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай:
— 2025 жылдың 2 айында туберкулезбен сырқаттану 35%-ға төмендеді;
— Өкпе туберкулезінің көрсеткіші 44%-ға азайды;
— Бірақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық артқан.
Туберкулезді қалай анықтауға болады?
Балаларға:
— Манту сынамасы – иммундық жауапты тексеру;
— АТР сынамасы – туберкулез инфекциясын анықтау.
Ересектерге:
— Флюорография немесе рентген
— Қақырықты микробиологиялық зерттеу
Емделмеген әрбір науқас жылына 10-15 адамға дейін ауру жұқтыруы мүмкін! Сондықтан ерте диагностика және алдын алу шаралары – басты қаруымыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін уақытында тексеруден өтіңіз!-деп атап өтті А.Тұрымбетова.