• 29 октября, 2025 8:49 пп

Шымкент қаласында зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру мақсатында акция өтті

Автор:admin

Сен 19, 2025

Шымкент қаласында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі жанындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары мен Жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесіп, тұрғындар арасында профилактикалық іс-шара өткізді. Акцияның басты мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрмыстық жанжалдардың алдын алу. Іс-шара барысында мамандар тұрғындармен бетпе-бет сөйлесіп, ақпараттық брошюралар таратты. Әңгімелерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері – физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық қысым жайлы түсіндіріліп, мұндай жағдайға тап болған азаматтардың қайда және қалай жүгінуі керектігі нақты айтылды. Сонымен бірге тұрмыстық зорлыққа қарсы құқықтық нормалар, заңдық қорғаныс құралдары және мемлекеттік органдардың міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Акция аясында мамандар ең алдымен халықты ақпараттандыруға басымдық берді. Өйткені көп жағдайда жәбірленушілер өз құқықтарын білмей, немесе қай мекемеге барарын анықтай алмай, үнсіз қалады. Осы орайда тұрғындарға 102 нөміріне хабарласу, учаскелік полиция инспекторына жүгіну, қорғау нұсқамасын алу мүмкіндігі, сенім телефондары мен әлеуметтік қызметтердің байланыстары ұсынылды. Бұл шара қоғамда зорлық-зомбылықты жасыру емес, керісінше ашық айтуға үйрету қажеттігін көрсетті. Инспекторлар түсіндіргендей, құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң бұзушылық тіркелгеннен кейін ғана емес, оның алдын алу бағытында да белсенді жүреді. Зорлық-зомбылыққа барған адамға алдымен ресми ескерту беріледі, ал қайталанған жағдайда ол әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ақмарал Серікбаеваның сһзіне сүйенсек «Елімізде Отбасын қолдау орталықтары институты заңнамалық түрде енгізілді, өңірлерде осындай 48 орталық ашылды. Отбасын қолдау орталықтары барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіреді. ІІО-ның жаңа бөлімшесі қызметкерлері өз қызметінің бекітілген қағидалары шеңберінде осы орталықтармен белсенді өзара іс-қимыл жүргізеді» екен.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin