• 23 ноября, 2024 4:44 пп

Шымкент қаласында кәсіпкерлерді қолдау үшін қандай мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда?!

Автор:admin

Июл 13, 2023

Индустрияландыру бағдарламасының қабылданғанына биыл он үш жыл толады. Осы аралықта Шымкент қаласында қандай жаңа өндіріс орындары ашылды? Бұрын-соңды өндірілмеген нендей өнімдер шығарылуда? Бұл туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке ДҮЙСЕБЕКОВ айтып берді. Одан бұрын Үкіметтің соңғы он жылдан бері индустрияландыру саясатына баса көңіл бөліп жатқандығын айта кету керек. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында міндетті түрде экономиканы индустрияландыру бағытына бұру керектігі жайлы сөз қозғайды. Мәселен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру – жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ. Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді.Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды» деп атап өтті. Береке Талғатұлының айтуынша, 2010 алғаш рет мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның бірінші кезеңі 2014 жылға дейінгі аралықты қамтыды. Кейін 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңі іске асырылды. Қазіргі таңда 2020-2025 жылдар аралығын қамтитын үшінші кезеңі жүзеге асырылуда.

Jsk ақпарат

Автор: admin