• 19 сентября, 2024 11:31 пп

Шымкент қаласында су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізілді

Автор:admin

Авг 4, 2024

Шымкент қаласының қызметкерлері Бадам өзенінде балаларға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы еске сала отырып, рейдтік іс-шаралар өткізді. Судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға жол берілмейтінін еске салып, жадынамалар табыс етілді. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес, су айдындарындағы тәртіп ережелерін бұзғаны үшін 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Ауа райының күрт ысуы салдарынан тұрғындар су айдындарына жиі баратыны белгілі. Осыған орай, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға шомылу маусымында барынша сақ болуға шақырады. Жаз мезгілінде азаматтардың суға шомылу барысында сақтық ережелерін сақтаумауының кесірінен қайғылы жағдайға жиі ұшырайды. Дегенмен, былтырғы жылмен салыстырғанда суға кету жағдайы 10 пайызға азайып отыр. Жалпы азаматтардың суға шомылу маусымында қаза болуының бірнеше себептері бар. Атап айтсақ, су айдындарында қауіпті деп танылған аумаққа баруы, масаң күйінде суға түсуі, ескертулерге мән бермеуі және кішкентай балаларды бақылаусыз қалдыруы. Осы тұста біздің құтқарушылар күнделікті жағажайлар мен адам көп шоғырланатын жерлерде халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар аймақтағы су айдындарында 63 қауіпті аймаққа 310 ескерту тақтайшасы мен 68 билборд орнатылды. Барша шаһар тұрғындарын суға шомылу барысында сақтық шараларын сақтауды ескертеміз, – деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы. Жаз келісімен каналдар суға толып, өзен-көлдердегі демалыс орындарының жұмысы жандана бастайды. Мұнда тынығуға еңкейген шалдан бастап, бесіктегі балаға дейін келеді. Алайда қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан суға кетіп, жазым болып жатқан жандар қатары күн санап артып келеді. Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, жалпы төтенше жағдайлардың түрі бойынша азаматтардың судағы қазасы бірінші орында тұр. Қаза болған адамдардың суға кетуі суға шомылу кезінде орын алған жоқ, бақытсыз жағдай ретінде тіркелді. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Атап айтар болсақ, өзен немесе каналдардың зерттелмеуі де себеп. Яғни, ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар жерлеріне суға түсуі қайғы болып тұр. Басқа да спирттік ішімдік ішіп суға түсу, балалардың ересектердің бақылауынсыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin