• 20 сентября, 2024 1:33 дп

Шымкент қаласында қылмысқа қарыы құқықтық шаралар жалғасуда

Автор:admin

Авг 7, 2024

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Шымкент қаласында қылмысқа, құқық бұзушылыққа қарсы күресі үзбей жүргізіледі. Бұл іске Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті де өз үлесін қосып отыр. Айталық, жыл басынан бері 5 айда қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 57 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді. Өндіріспен 35 қылмыстық іс аяқталып, бүгінде істің 90 пайызы сотқа жолданыпты. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы айтып берді. «2024 жылдың бірінші жарты жылдығында қала аумағында жасырын 5 цех анықталып, Қылмыстық Кодекстің 233-бабы бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді, тергеу нәтижесінде 4-і сотқа жолданды (қазіргі таңда сот қарауында), 1 іс өндірісте. Қылмыстық істер бойынша 22 мыңнан аса дайын алкоголь өнімдері, 2 мың литрден аса құрамында спирті бар сұйықтық, 9 900 литр спирт, 885 литр вино, 140 қорап қақпақ, есепке алу маркалары – 4 рулон, этикетка – 20 рулон, станок – 2 дана, фильтр — 4 дана, 2000-нан аса бос шөлмек тәркіленді. Департамент қала аумағында орналасқан дүкендерге, сауда орталықтарына заңсыз алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша ескерту хаттарын беру жұмысын жүргізіп, жыл басынан 58 дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізді»,- деді Алмас Манатұлы. Сонымен қатар, Үкіметтің 2023 жылғы 14 шілдедегі №589 қаулысымен «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары» бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес, қала әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі Өкімімен, көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі жұмыс тобы (комиссия) құрылған. Комиссияның мақсаты: Шымкент қаласындағы көлеңкелі экономикамен күрес, оның деңгейін төмендету және превентивті шаралар қабылдау болып табылады. Департаменттің жұмысы қылмыстардың санымен емес сапа жағына ауыстырылған, қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау – басты міндеттер болып саналады. Департамент қызметкерлерімен жүргізілген кешенді арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, жалған есепке-алу бақылау маркаларын пайдалану арқылы алкоголь өнімдерін және этил спиртін саудалап, сатумен айналысқан азаматтарға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық іс аясында тінту жүргізіліп, іске маңызы бар заттар, яғни 9 900 литр этил спирты, дайын арақ өнімдерін жабуға қажетті заттар, қақпақтар, бос шөлмектер, есепке алу бақылау маркалары анықталған. Департамент аталған бағыттар бойынша тексеру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin