• 3 ноября, 2025 7:36 пп

Шымкент қаласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды

Автор:admin

Сен 16, 2025

Шымкент қаласында  «Кибер Шериф» жобасы арқылы мектеп оқушыларына интернет қауіптері мен онлайн алаяқтықтан қорғану жолдары түсіндіріледі. Ал «Құқықтық клуб» оқушылар мен студенттерге құқықтық білім беру арқылы олардың заңға деген сенімін арттырады. Әрбір іс-шаралар барысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған өзара іс-қимылды күшейту мақсатында мемлекеттік мекемелер мен жеке сектор өкілдері арасында бірқатар меморандумдарға қол қойып отыратын болады. Бұл келісімдер отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернеттегі алаяқтыққа тосқауыл қою және халықпен профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған. Қалалық прокурор Ғабит Мұқанов былай деп атап өткен болатын:  «Қоғамдық қауіпсіздік – тек полиция мен прокуратураның міндеті емес. Бұл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Азаматтардың құқықтық мәдениеті неғұрлым жоғары болса, қоғам соғұрлым тұрақты әрі қауіпсіз болады». Ол құқықтық ағартушылық жұмысты одан әрі жандандыру құқық қорғау органдарының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Құқықтық ақпараттың қолжетімді болуы, халықпен ашық диалог, жастармен тығыз жұмыс – осының барлығы нәтижеге жетудің маңызды факторлары саналады. Шымкент – құқықтық мәдениетті дамытудың үлгісі — Шымкент қаласының құқықтық сауатты, қауіпсіз және бейбіт қоғам қалыптастыру жолындағы нақты істерге негізделген бағыты байқалды. Алдағы уақытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ауқымы кеңейтіліп, құқықтық оқытуға көбірек азаматтар тартылатын болады. Жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекет те нығая түспек. Шымкент қаласының бұл бағыттағы тәжірибесі басқа өңірлерге де үлгі боларлық. Себебі қоғамның құқықтық мәдениеті – мемлекеттің берік іргетасы. Әрбір азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндетін де сезінсе – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі арта түседі. Қорытындылай келе, сала мамамандарының тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралар,  тек бір реттік шара емес, ел болашағы үшін маңызды қадамдардың бастауы деуге болады. Шымкент алдағы уақытта да құқықтық мәдениетті арттыру бағытында белсенді қимылдап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстарын жалғастыра бермек.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin