• 21 ноября, 2024 12:48 пп

Шымкент қаласында 15 мектеп шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын(ПХВ) болып қайта құрылды

Автор:admin

Май 27, 2022

Шырайлы шаһар мектептерді шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемелер аясына топтастырып, мектептердің ұсақ-түйек жабдықтарын материалдық қамтамасыз етуге назар аударып келеді. Үшінші шаһар мектептерді олардың қажеттіліктеріне сәйкес  мемлекеттік мекеме нысанынан шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанына қайта ұйымдастырудың артықшалақтары: (ШЖҚ-ПХВ)

  1. жалақы жүйесі мен барлық үстемақы төлемі жергілікті бюджеттен және мақсатты ағымдағы Республикалық трансферттен бөлінеді (оқытушыларға),
  2. Сыйақылар мен басқа да сыйақы жүйесін өзі белгілейді, бекітеді.

3.Материалдық -техникалық базаның жабдықталуы мектептің қажеттіліктеріне сәйкес еркін жоспарлай алу мүмкіндігіне ие болады;

  1. Қаражатты ай сайын және тоқсан сайын игерудің міндетті қажеттілігі жоқ;

5.Игерілмеген қаражаттың мектеп қорында қалады;

  1. Білім басқармасымен жасалған келісім шарттарға сәйкес уақтылы қаржыландыру жүзеге асады;

7.Барлық міндеттемелер мен төлемдер қаражаты екінші деңгейдігі банк қызметтерімен жедел түрде жұмыс жасайды;

  1. Банк қызметінің тікелей мекеме (яғни, мектеп) жұмысына тәуелді болуы, кез-келген аударылым, төлем, кедергісіз уақтылы жүзеге асады;
  2. Ақылы курстардың болуы, ақылы қызмет көрсету құнын мекеменің белгілуі (ата-ана, қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесе);

10.Мектептің бос аумағын жалға беру мүмкіндігі, түскен қаражат мектеп қорында қалуы;

  1. Уақытша бос қаражатты депозиттік шотқа салып қаражатты үлкейту мүмкіндігі;
  2. Проблемалық жеткізушілерге салынған айыппұлдың мектеп қорына түсуі;

13.Әкімшілік штаттық кестесін Білім басқармасы бекітеді (негізі, құзыретті ұйым бекіту керек);

14.Жетістігіне қарай ынталандыру мақсатында қаржылай сыйыақу беру мүмкіндігі;

15.Қиын өмірлік жағдайға тап болған қызметкерлерге мектеп тарапынан қаржылай көмек беру мүмкіндігі; (үй өрттенуі, жақын туыстарының қайтыс болуы т.б);

16.Оқушы сұранысы бойынша ақылы қызмет түрін пайдалану мүмкіндігі;

17.Басқа қалаларда, мемлекеттерде ұйымдастырылған олимпиада, жарыстар, ғылыми жобалар және т.б., іс шараларға қатысу үшін іссапарға мектеп қаражатынан жіберу мүмкіндігі;

18.Жетістігі үшін оқушына ақылы қызмет тарапынан түскен қаражаттан ынталантыру мүмкіндігі (тауар түрінде);

Jsk ақпарат

Автор: admin