Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында Қазақстан шикізат өндірісін дамытуға басымдық берген болатын. Бұл саясат өзін-өзі ақтады. Осы салаларды нығайтудың нәтижесінде еліміз сырттан мол инвестиция тартты. Уақыт өте келе Ұлттық қор құрылып, онда едәуір қаражат жинақталды. Осылайша, алғашқы кезде экономиканы дамытудың стратегиялық бағытының дұрыс таңдалуы қазіргі күні көп іске жол ашқандығын көріп отырмыз. Сол көп істің ең маңыздыларының бірі инфрақұрылымның дамуы болып отыр. Жаңадан салынған автокөлік жолдары мен темір жол магистральдары, олардың логистикалары, теңіз жолдары мен порт терминалдары, әлемнің әр шалғайына ашылып жатқан әуе жолдары, барлығы бірін бірі толықтыра, байыта келе Қазақстан экономикасының уақыт өткен сайын нығая түскен жаңа жотасына айналды. Нақ осы сала, бірқатар сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның әлем елдерінің арасынан алатын жаңа орнын белгілейтін болады. Қазақстан бірте-бірте Шығыс пен Батыстың арасын экономикалық тұрғыдан жалғайтын алтын көпір ел ретінде әлемдік қауымдастық алдында бой көрсетпек. Жаһандық және аймақтық деңгейде болып жатқан үлкен өзгерістер, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің белсенді сипатқа ие бола түсуі, алып көршіміз Қытайдың әлемнің жаңа экономикалық орталығының бірі ретінде қалыптасуы, оның «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы халықаралық қауымдастық тарапынан жаңа ғасырдың ең ірі жобаларының бірі ретінде қарастырылуы – Қазақстанның оң жамбасына дөп келіп тұр. Шымкент қаласының инфрақұрылымын жүйелендіру мақсатында «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру саласы автоматтандырылуда, деп хабарлайды JSK.KZ. Көше жарығы диспетчерлік орталық ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастаған болатын. Орталық арқылы әзірше қала аумағындағы 97 көшенің жарықтандыру жүйелері толықтай басқарылуда. Яғни, істен шыққан жарықшамдар кері байланыс арқылы автоматты түрде мониторда көрсетіледі және түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулаған кездерде жарық беру пайызы автоматты төмендейді. Бұл электр қуатын едәуір үнемдеуге септігін тигізеді. Аталған орталыққа қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, операторлардың диспетчерлік жұмысы мен бірегей жобаның мүмкіндіктерімен танысу барысында, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында басқа да жаңа технологияларды зерттеп, қала өміріне енгізуді тапсырды. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылған. 2024 жылы барлық көшелерді 100 % автоматтандыру жоспарланған.
Jsk ақпарат орталығы