• 24 ноября, 2024 1:20 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ТАНЫТЫЛУДА!

Автор:admin

Окт 8, 2022

Азаматтық ресурстық орталығында ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси реформалар» тақырыбында саясаттанушылар мен сарапшылар ШЫмкент қаласының жастарымен кездесті. Іс-шараға ҮЕҰ өкілдері, «Мирас» университетінің студенттері, мектеп мұғалімдері қатысты. Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімелеп берді. Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың білімге ұмтылып, өз ісінің білгір маманы болуға шақырды.

– Мемлекет басшысының әр Жолдауы жастарға зор серпін береді. Ізденуші азаматтар, жастардың ата-анамның үмітін ақтаймын деген нақты мақсаты болуы тиіс. Қазір ғылымды игеріп, кәсібін дамытып, тек алға қадам басатын кезең. Жастар жасампаз болса, елдің болашағы да жарқын болады, – деді С.Мәжінбеков.  Еркін форматта өткен кездесуде Жолдау аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жолдауда айтылғандай, жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатыны анық. Қалада саясаттанушылар мен сарапшылар, ҮЕҰ өкілдерінің жастармен кездесуі одан әрі жалғасын табады. «Болашақ – жастардың қолында», — деп осы сөзді ұран етіп, болашаққа нық қадам басу, көк туды көкте желбірету біздің айқын мақсатымыз болуы тиіс. Келешектің тізгінін берік ұстап, болашақтың көшбасшысы болумен қатар, еліміздің еңсесін көтерер азамат болуымыз керек. Айқын мақсатқа жете отырып, жетістікке жетеміз. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш екенін ұмытпайық. Қазіргі жастар яғни біз өзіміздің алған рухани білімімізді жетілдіру мақсатында түрлі ақпарат көздерінен алған деректерді қорытып, тәндік жаратылыс пен жандық жаратылысын түсіне білуіміз керек. Ол үшін тән тазалығы мен салауатты өмір салтын ұстану, денесін шынықтырумен бірге ізгілік қағидалармен үйлесімді өмір сүру, өз ақыл-ойын үнемі жағымды, сабырлы қалыпта ұстай білуі тиіс. Адамның бойындағы Жаратушыдан дарыған құдыретті күш – Рухты өз денсаулығын сақтауға, шығармашылық істерге пайдалануға, өзін-өзі жетілдіру жолдарын меңгеруге қолдануы қажет. Қорытындылай келе, міне, бүгінде күллі әлемді мойындатқан қасиетті Тәуелсіздігіміздің мерекесін жыл сайын тойлап отырған Отан – Ананың сенім үдесінен шығу мақсатында білімді жастар болып ғылым мен техниканың биік деңгейін бағындырып, жігерлі ұл – қыздар спорт саласында ерен ерліктің үлгісін көрсетуде. Еліміздің сұлу табиғатынан, әсем әнінен, шалқар күйінен, дана ойынан, көркем сөзінен ләззәт алып, жанына өнерді серік еткен жастары рухани байлығымызды, өнерімізді тәнті етуде. Әрқайсысымыздың бойымызға ананың ақ сүтімен тарап, ана тіліміздің нәрімен дарып, ақ батасымен бекіген қасиеттер: еңбекқорлық, білім мен өнерге деген құштарлық барда «Мәңгілік елдің» ертеңі жарқын болатынына сенгім келеді. Ол үшін бойымызда «Күйзелісті қалыпты қабылдау» қасиетін дамыту. Жұрттың пікірінен қорықпауға үйрену.

Jsk ақпарат

Автор: admin