• 24 ноября, 2024 2:08 дп

Шымкент қаласының жолдары – транзиттік инфрақұрылымға сәйкес дамуда

Автор:admin

Ноя 2, 2023

Шымкентетгі ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі салынған. Сондай-ақ қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен де танысты. Нысанның 2-кезеңі -Түркістан көшесінен Терешков көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы – 1,7 шақырым, көшенің ені 42 метр. Жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 30%. Құрылыстың 3-кезеңі Темір жолмен қиылыс құрылысының басынан Дамбовая көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 0,561 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Нысанның 5-кезеңі Бадам өзеніндегі көпірден Сауле шағынауданындағы Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 4,7 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Жұмыстардың орындалуы 30%. Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар үш қаласының бірі. Қазақстанның оңтүстігіндегі бұл қала — ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталық. Коронавирус пандемиясымен байланысты жалпы әлемдегі және Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды назарға ала отырып, Шымкентте оң даму серпінімен өткенін атап өтуге болады. Осы жылдың алғашқы 10 айында Шымкенттің жалпы өңірлік өнім көлемі 1,5 трлн теңгені немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,8%-ды құрады. Жедел деректер бойынша тартылған инвестициялар көлемінің 40,9%-ға, құрылыстың 43,1%-ға өсуі байқалады, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 23,9%-ға ұлғайды, ауыл шаруашылығы көлемі 4,4%-ға артты. жылы автожол саласын дамытуға 24,4 млрд теңге қарастырылды. 261 объект немесе 416,8 км жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде 224 нысан немесе 280,3 шақырым жол биыл пайдалануға берілді. 37 объект немесе 136,5 км жол — бұл іске асырылуы келесі жылдарға ауысатын объектілер.

Жоспарланған жобалар мен бюджет туралы толығырақ:

— 15 нысанның құрылысы — 3 768,3 млн теңге (44,5 км жол, 1 көпір, 2 жол өтпесі, 1 жаяу жүргінші өткелі);

— 10 нысанды қалпына келтіруге 3 647,6 млн теңге бөлінді (15,3 км жол, 3 көпір, 1 съезд);

— 6 нысанды күрделі жөндеу — 1 309,5 млн теңге (49,8 км жол, 2 көпір);

— 230 нысанның орташа жөндеуі — 13 179,6 млн теңге (307,2 км жол, 1 көпір);

— жолдарды күтіп ұстау — 770 млн теңге;

— қиыршық тас төсеу — 296 млн теңге;

— жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету — 711,4 млн теңге;

— аялдамаларды орнату — 534,3 млн теңге;

— 15 ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптама — 88,7 млн теңге;

— жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылау — 89,5 млн теңге.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin