• 24 ноября, 2024 12:49 пп

Шымкент қаласының прокуратурасы көлеңкелі экономикаға қарсы жұмыстарды жалғастыруда

Автор:admin

Окт 8, 2024

Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуы және «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұрудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде жазықсыз компаниялар 6,4 миллиард теңгеден астам сомаға нақты жұмыстарды орындамай,  жалған шот-фактура беру фактілері анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігінің 3)тармағымен (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) қылмыстық іс қозғалып, Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Сонымен қатар мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында сотқа 4 талап арыз берілді, олар қаралу сатысында. Прокуратураның қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. Қазақстан 2025 жылға қарай «көлеңкелі экономиканың» үлесін 15 пайызға дейін төмендетуге ниетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеген болатын. Ал «көлеңкелі экономиканы» тежеудің бір жолы – тауарларды таңбалау. «Көлеңкелі экономика» бюджеттің салықтық түсімдерден қағылуы ғана емес. Бұл – отандық өнеркәсіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей төнген қауіп. Ел билігінің бұған ерекше назар аударып отырғаны да сондықтан. Президенттің Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы қадамға баруының астарында да дәл осындай маңызды міндет жатыр. Өткен аптада ғана жаңа агенттіктің басшысы Жанат Элимановты қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «көлеңкелі экономикаға» қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді, бұл ретте бизнесін адал істеп отырған кәсіпкерлердің мүддесін қорғауды және олардың жұмысына жөнсіз араласуға жол бермеуді тапсырды. Қазақстан «көлеңкелі эконо­ми­ка­мен» күрестің бір жолы ре­тін­де Еуразиялық эконо­ми­ка­лық одақ аясында тауарларды таңбалауды бастады. Алдымен тері бұйымдарын таңбалау бо­йын­ша қанатқақты жоба жүзеге асы­рылғаны белгілі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұл­та­нов былтыр өткен жиын­дардың бірінде пилоттық жоба саладағы бірқатар заңбұзушы­лық­тардың бетін ашып бергенін жет­кізді.Мәселен, тері бұйымдарын мін­детті таңбалау кезінде қызме­тін патент негізінде жүзеге асыратын субъектілер саны 13 есе қыс­қарған. Соның нәтижесінде, 2024 жылы тауарларға арналған дек­­­ла­­рацияны рәсімдеген им­порт­­­­таушылардың саны 30 па­йыз­­­ға артты. Кедендік баждар мен са­лықтық түсімдердің үлесі 40 пайызға көбейді. Аталған қыз­мет бойынша ішкі салықтық түсім­дер 1,5 есе ұлғайды. Демек, жоба тиімділігін көрсетті

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin