• 19 сентября, 2024 9:53 пп

Шымкент қаласының прокурорлары алаяқтықтың алдын-алу шараларын белсенді өткізуде

Автор:admin

Июн 4, 2024

Соңғы уақытта алаяқтық кең қоғамдық резонанс тудырды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында осындай қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударғаны кездейсоқ емес. Алаяқтықтың ең көп таралған түрі онлайн-сауда. Басқа тәсілдер азаматтардың жеке деректерін алуға және банк карталары мен депозиттерге қол жеткізуге байланысты. Азаматтарға «банк өкілдері» деп аталатын қоңырау шалып, клиенттің карточкасымен күдікті операциялар туралы баяндайды. Операцияны бұғаттау үшін картаның деректемелерін оның артқы жағындағы CVV-кодпен нақтылау ұсынылады. Бұдан әрі Интернет-банкингке қосылып, шоттағы ақшаны ұрлайды. Басқа жағдайда алаяқтар ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін оларды іс жүзінде өздеріне тиесілі резервтік сақтандыру шотына аударуды ұсынады. Сондай-ақ алаяқтар «WhatsApp» арқылы азаматтарға сату туралы хабарландыру бойынша қоңырау шалып, банк картасына кепілхат қабылдауға шақырады. Аударымды растау үшін алаяқтар сатушыға фишингтік сілтемені жіберіп, оны толтыруды сұрайды. Азаматтардың дербес деректерін алған алаяқтар жәбірленушілердің банктік шоттарынан ақша қаражатын аударады. Осы орайда Шымкент қалалық прокуратурасы жергілікті қылмыстық қудалау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда, деп хабарлайды jsk.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Жандос Досанов брифинг барысында мәлімдеді. Спикердің сөзінше, алаяқтық қылмыстармен күрес шараларының нәтижесінде қаламызда қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43%-ға төмендеген. Оның ішінде интернет-алаяқтығы 73 пайызға азайған. Сонымен қоса, қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып халықты алдап жүргенін анықтаған. Егер өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болған. «Барлық істер ашылды, биылғы жылы 2 іс сотта қаралуда. Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Интернет алаяқтығының көпшілігі «Инстаграм, Колеса, ОЛХ, Крыша» әлеуметтік парақшалары мен «Каспи», «Еуразия», «Халық» интернет банкингтерін қолдану арқылы жасалынған. Мұндай жағдайда азаматтар кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу арқылы тексеруді және барлық жарнамаларға, әсіресе өздерін Банк қызметкеріміз деп таныстырғандарға күмәнмен қарауы керек», — деді Жандос Досанов. Айта кетейік, өзге істермен жедел іздестіру шаралары жан-жақты атқарылуда.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin