Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 55-бабының талабына сай бұлтартпау шараларына санкция беру, осы Кодекстің 106-бабының талабына сай шағымдарды қарау және басқа да мәселелер бойынша, Шымкент қалалық сотының судьясы Қ.Қоңырбаев пен тергеу сотының судьялары және қалалық адвокаттар алқасының төрағасы, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынды Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы С.Айнабеков ашып, ҚПК-нің 106-бабына сәйкес, шағымдардың түсу себептері, тергеу барысында прокурордың немесе қылмыстық қудалау органдарының жіберген кемшіліктері негізінде азаматтардың сотқа жүгінуіне себепкер болатынын және де ҚПК-нің 55-бабына сай, күзетпен ұстауға санкция берудің кейбір мәселелері туралы кеңірек баяндады. Жалпы құқықтық сауаттылық әр адамға керек. Әсіресе, қазіргі заманда. Себебі қазір барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүрген жерде әр адамның құқығы қоса жүреді. Барлық адам тең құқылы. Ешкімнің ешкімге зәбір көрсетуге, әлімжеттік жасауға құқы жоқ. Бұл әр адам білуі керек болған құқықтық сауаттылықтың әлқисасы. Сонымен тағы нені білуіміз керек дегенде, мыналарды ескерген жөн. Еліміздегі әр тұрғын тегін орта білім алуға, тегін медициналық тексерістерден өтуге құқылы. Бұл мемлекеттің өз азаматтарына жасаған дүниесі. Әлеуметтік желіге көз салсаң, ана дәрігер ақша бермесең қарамаймын деді, мына мұғалім төрттік, бестік баға үшін сыйлық сұрады деген жаңалықтарды көзіміз шалып жатады. Бұл жерде адамның құқығы тапталып жатыр. ұқықтық сауаттылық — ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Мысалы отбасындағы құқық бұзушылық, мектеп, ЖОО-дағы құқық бұзушылық. Осылардың барлығын алдын алу үшін өз құқығымызды білуіміз қажет. Сол себепті құқықтық сауатты болу қазіргі қоғам үшін өте маңызды. Осы орайда дөңгелек үстелге қатысушылар күн тәртібіндегі және басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жиын соңында сот төрағасы С.Айнабеков жиын қатысушыларға пікір бөліскендері үшін алғысын білдірді.
Jsk ақпараттық агенттігі