• 27 ноября, 2024 3:00 дп

Шымкент қаласының экономикасын ілгерлетуде – инвестицияның алар орны ерекше!

Автор:admin

Июл 10, 2023

Шымкент өнеркәсібі дамыған, нығынықты экономикасы қалыптасқан мегаполистер қатарында. Түрлі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қала көз ілестірмейтін жылдамдықта дамып келе жатыр. Биылдың өзінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 235 млрд теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 98,8 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің төмендеуі өңдеу өнеркәсібі саласының — 2,3 пайызға, электр, газ және бу беру — 4,2 пайызға төмендеуі есебінен қалыптасты. Ал кен өндірісі 20,3 пайызға, сумен жабдықтау саласы 52,3 пайызға өскен. Көрсеткіштің төмендеуіне «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС-ның 15 наурыздан 7 сәуірге дейін жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуінен орын алды. 2022 жылдың наурызында 523 мың тонна мұнай өңделсе, биылғы үш айда өңделген өнім 248 мың тоннаны құраған. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 275 мың тоннаға немесе 12%-ға төмендегенін білдіреді. Мұнай өңдеу саласы өнеркәсіп өндірісі үлесінің 60 пайызын құрайтындықтан арадағы жөндеу кезінде осы саланы 98,8 пайызға дейін төмендетті. Жыл соңына дейін мұнай өңдеу зауыты жоспарланған 6,0 млн тонна мұнайды өңдеп, көрсеткішті 102,5 пайызға жеткізу жоспарланған, — деді Б.Дүйсебеков. Қала экономикасын ілгерілетуде инвестицияның үлесі зор. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 84,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 109,6 пайызды құраған. Жалпы, жыл соңына дейін 721,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл көрсеткішті 2022 жылмен салыстырғанда 32 пайызға өседі деп күтілуде. Инвестицияны көбірек тарту мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған 1,7 трлн теңгеге 227 инвестициялық жобаның базасы жасақталып, 18 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Соның ішінде 129 млрд теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба 2023 жылы іске асырылады деп күтілуде. Нәтижесінде 2 500 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарланған.

Jsk ақпарат

Автор: admin