• 21 ноября, 2024 1:05 пп

Шымкент қаласының энергетикалық кәсіпорындарының қатысуымен жиын өтті

Автор:admin

Авг 12, 2021

Ағымдағы жылғы 11 тамызда Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алу бойынша Шымкент қаласының энергетикалық кәсіпорындарының қатысуымен online форматта ZOOM қосымшасы арқылы жиналыс өткізілгенін хабарлайды.
Жиналыс қатысушыларына Департамент басшысының Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) еңгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат берді.
Сондай — ақ Шымкент қаласы бойынша Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы АҚ өкілі e-gov.kz порталына қатысты ақпарат назарға алынды.
Жиналыс қорытындысында Шымкент қаласының барлық энергия беруші және энергия өндіруші ұйымдарына:
— Жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде және жоспарланған көлемде жүргізу;
— Құжаттарды күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспорттарын алу үшін жіберу кезінде «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру» қағидаларында көрсетілген тармақтардың қатаң сақталуы ұсынылды;

Jsk ақпарат

Автор: admin