Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 2024 жылы су айдындарында республика бойынша 155 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 47 бала. Шымкент қаласы бойынша су айдындарында 2 жазатайым оқиға тіркелді. Анықтамалық: 1. 27.06.2024 жылы Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы, Қайнарбұлақ жасанды көлі, тыйым салынған орында 23.12.2001 ж.т. ер адамның суға бату оқиғасы тіркелді. 15.08.2024 ж Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабында Бадам магистральдық каналынан ағып шығатын шлюзде 2012 жылғы баланың белгісіз жағдайда суға батып қайтыс болғандығы анықталды. Қалада суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Қала аумағындағы аквасаябақтар мен бассейіндер шомылу маусымында жұмыс атқарады. Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 355 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. (37840 адам қамтылды) Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі. Бұқаралық ақпараттық құралдары және әлеуметтік желілерде, адамдар көп шоғырланатын орындарда LED экрандар арқылы «Судағы қауіпсіздік шаралары» бойынша бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылуда және шомылу маусымы басталғанда тұрғындардың мобильді телефондарына 112 қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жолданады. Су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тарту көзделген. Анықтамалық: 2024 жылғы шомылу маусымы аясында Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау 7 АЕК) бойынша 46 тұлғаға 806 702 тг айыппұл салынды. 2024 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды жүргізіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту; су айдындарының қауіпті және демалуға және шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде су айдындарына тыйым салатын және ескерту қауіпсіздік белгілерін орнату; балаларды жүзуге үйретуді пысықтау жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыру жоспарланған. Жазатайым оқиғаларды азайту, сондай-ақ шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бағытында Департамент жергілікті атқарушы органдарымен, волонтерлармен бірлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын өткізуді жалғастырады.
Jsk ақпараттық агенттігі