• 27 ноября, 2024 10:18 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: БАТЫС; ҚАЙНАРБҰЛАҚ; НҰРСӘТ ЕЛДІМЕКЕНДЕРІНІҢ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТІ САПАЛЫ ЖАРЫҚҚА ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 8, 2023

Қаланың даму жоспарына сәйкес Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт елдімекендері ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде  50 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.  Жергілікті халықты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл 6 нысанның, оның ішінде 5 елді мекенде ішкі жүйелерінің және 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  Бүгінде Тұран, Түркістан,  Ақжар шағынаудандарында ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Жоба бойынша мердігер мекемелер 153,2 шақырым электр желілері мен 15 электр тарату бекетін, 38 трансформатор, 1 қосалқы станциясын орнатады. Жалпы, жаңадан іске қосылған электр желілерінің нысандары арқылы кәсіпорындар да қуат көзіне қосылуға мүмкіндік алуда. Бүгінде Ақжар қосалқы станциясы арқылы темірбетон бұйымдарын өндіруге арналған жабдықтарды шығаратын зауыт — «DALA-CONSTRUCTION” ЖШС электр қуатына қосылды. Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 3 мыңға жуық тұрғын тұрады. Онда 1 мектеп пен 2 балабақша бар. Қосымша мектеп салу қажет етеді. Тұрғын алаптың инженерлік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Қазіргі таңда аталған елдімекен жекеменшік электр жарығымен қамтылған. Сапалы жарықпен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын алап 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Табиғи газбен қамтылмаған. Биылғы жылы ЖСҚ әзірленніп, дәл осы жылы толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Жалпы көшелер саны 40 болса, оның 1-і асфальт, 39 тас жол. Өткен жылы 6 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылса, биыл 3 көшеге төселеді. 2025 жылға дейін жолдардың 13 шақырымына асфальт төселетін болады. 40 көшенің 3-і жарықтандырылған. 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 8,3 шақырымды құрайтын «Әбдірайымов» көшесін жарықтандыру жоспарлануда. Тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін базалық станция орнатуға жер телімі анықталып, инвестор тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, елді мекенді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту жұмыстары 2022 жылдың соңына көзделген.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin