Ағымдағы жылғы 22 шілдеде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алу бойынша Шымкент қаласының энергетикалық кәсіпорындарының қатысуымен және Шымкент қаласы бойынша Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы АҚ өкілінің қатысуымен online форматта ZOOM қосымшасы арқылы жиналыс өткізілгенін хабарлайды.
Жиналыс қатысушыларына Департамент басшысының Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) еңгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат берді.
Сондай — ақ Шымкент қаласы бойынша Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы АҚ өкілі e-gov.kz порталына қатысты ақпарат назарға алынды.
Жиналыс қорытындысында Шымкент қаласының барлық энергия беруші және энергия өндіруші ұйымдарына:
— Жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде және жоспарланған көлемде жүргізу;
— Құжаттарды күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспорттарын алу үшін жіберу кезінде «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру» қағидаларында көрсетілген тармақтардың қатаң сақталуы ұсынылды;
Jsk ақпарат