• 2 августа, 2025 9:05 пп

Шымкент қаласы — еліміздің ең ірі кәсіпорындары орналасқан ірі мегаполис

Автор:admin

Июл 12, 2025

Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өткен болатын. Ия шырайлы шаһарымыздың дамуы оның халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы ел Президентінің жіті бақылауында. Сондықтан мегаполисімізде атқарылып жатқан жұмыстар — Ресупбликалық қала мәртебесіне сәкес келу керек.

– Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінің бірінде. Шежірелі шаһардың кемінде 2200 жылдық тарихы бар екенін айтқан Мемлекет басшысы оның ЮНЕСКО деңгейінде расталған дерек екенін әрдайым еске салып отырады. Президенттің айтуынша, Шымкент республикалық қала мәртебесіне ие болғаннан бері көптеген оң өзгерістер болды. Атап айтқанда, қаланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған қоса 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Қала бюджеті 4 есе өсіп, өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артқан. Сондай-ақ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарды еліміздегі төрт хаб-қаланың біріне айналдыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатқанын әркез тілге тиек етіп отырады, Шымкентті өркендетуге қатысты бірқатар мәселеге арнайы тоқталыпта жүр. Мемлекет басшысы ең алдымен өндірісті дамыту, индустриялық аймақтарды жетілдіру үшін қала экономикасын әртараптандыруға және отандық өнім шығаруға баса мән беріліп жатқанын айтқан болатын. Осы орайда Шымкент қаласында бүгінгі таңда экономикалық жағдай тұрақты, әрі өсімі оң пайызды көрсетіп отыр. Мемлекет басшысы Шымкент қаласындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Атап айтқанда, Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау үшін «Іскер қала» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жеткен.  Бұл – жақсы көрсеткіш. Осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Осы тұста Шымкент халқының іскерлігін айрықша атап өткеніміз дұрыс болар. Жалпы, оңтүстік халқы қашанда еңбекқорлығымен танымал болған.  Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бас жоспары оның экономикалық әлеуетіне сай болуы қажеттігін атап өтіп, мұнда әлемдегі ірі мегаполистерде болатын мәселелер түгел ескерілуге тиіс екенін айтқан еді. Бұл бағыт бойынша жергілікті әкімдік тарапынан түрлі хабтар іске қосылған және бүгінде өз нәтижиелерін көрсетіп келеді. Орталық Азиядағы ең ірі нарықтың бірі – Ташкент агломерациясы іргемізде тұр. Сондықтан Шымкент барлық салада бәсекеге қабілетті болуы керек. Сонымен қатар тұрғын-үй құрылысын жандандыру мәселесіне де назар аударылып келеді. Биыл 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын-үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Соның арқасында 9 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды. Тұрғын-үй құрылысының қарқынын бәсеңдетпеу керек. Ең бастысы, оның бағасы жұртқа қолжетімді болды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin