• 28 октября, 2024 2:38 пп

Шымкент қаласы Еңбекші ауданын инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Автор:admin

Окт 15, 2023

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі ауыз су, электр жарығы, табиғи газ, жол инфрақұрылымдарымен қамтылған. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты. Оның айтуынша, аудан ауыз сумен 94,4%-ға қамтылған болса, мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 95,2%-ға, ал табиғи газбен қамту 86,4%-ға жеткізіледі екен. «Аудан тұрғындарының ауыз сумен қамтылмаған 5,6 пайызын ауыз сумен қамту жұмыстары келер жылы жүргізілсе, қазіргі таңда Жалын тұрғын алабында 566 абонентке, Жұлдыз т/а-ның жаңақұрылысында 484 абонентке, Қарабастау т/а-ның жаңақұрылысында 750 абонентке, жалпы 1800 абонентке сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге биыл Бадам (195 орам) ш/а 331 абонентке газ жүйесі жүргізілді. Бүгінде тұрғындардың газ жүйесіне қосылу жұмыстары жүргізілуде. Тікелей эфир барысында аудан әкімі жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында осы жылы 57 көшеге (58,9 шқ.) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда 19 көшені асфальттау жұмыстары аяқталғанын және 38 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Шағынаудандарында ауыз су жүйесімен қамту бойынша қазіргі таңда «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталуға таяды. Биыл қараша айында тұрғындарға сапалы ауыз су берілетін болады. Сонымен қатар, электр жарығы бойынша «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар толығымен аяқталды. Тамыз айында тұрғындар электр жарығына қол жеткізбек. Табиғи газ мәселесі бойынша «Отау Строй» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қараша айында шағынаудан тұрғындарын табиғи газға қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, бүгінде «Атырау Group» ЖШС тарапынан шағынауданындағы 17 шақырым жолға шағал тас төселінуде. Қала көшелерін абаттандыру мәселесінде көшелерге электр жарығын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда қаладағы әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 220 көшесіне ғана жарықшамдар орнатылған. Биыл 324 көшеге жарықшамдар орнату, ескі жарықшамдарды ауыстыру жұмыстарын атқару көзделген. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 104 көше бойынша іскерлік орта өкілдерімен келісімшарттар түзілген. Қазіргі таңда бұл жұмыстар 31 көшеде атқарылған.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin