• 1 августа, 2025 8:04 дп

Шымкент қаласы «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық патрульдік іс-шарасы өтті

Автор:admin

Июл 30, 2025

Шымкент қалалық Патрульдік полиция полкі мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп, «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала тұрғындарына бағытталған кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері мен жастар ұйымының өкілдері жол қозғалысына қатысушыларға жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратты. Аталған жадынамаларда жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелері, белгіленбеген жерден өтудің қаупі, сондай-ақ жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беру міндеттері қамтылған. Шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Патрульдік полиция полк командирінің міндетін уақытша атқарушы, полиция подполковнигі Аширбаев Тоқтарбек сөз сөйлеп, жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. – Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың азаматтық борышы. Біздің негізгі мақсатымыз – жол-көлік оқиғаларының алдын алу арқылы адам өмірі мен денсаулығын сақтау. Мұндай түсіндіру шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Аширбаев Тоқтарбек. Айта кету керек, полиция мен қоғамның өзара іс-қимылы – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі. «Сонымен қатар, кейбір жаяу жүргіншілер келе жатқан көліктің бар-жоғына көз жеткізу үшін жан-жағына қарауды да естерінен шығарады, тіпті телефон құлаққаптарын тағып алып, өздерін автомобильдердің дабылдарын есту мүмкіндігінен айырады. Автомобиль төмен жылдамдықпен келе жатқанның өзінде, әсіресе қыс кезінде оның кілт тоқтуы мүмкін еместігін жаяу жүргіншілер естен шығармағаны жөн. Жаяу жүргіншілер жол жүрісі ережелерін бұзғанда 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлмен құтылатынын ғана ойламай өзінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының  өмірі мен денсаулығына қатер тудыратынын да ескеруі керек», — дейді капитан.

Жол жүру тәртібіне сәйкес көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады. Жолдың жүру бөлігін елді мекенде бөлу жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілер немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде жаяу жүргінші өткелдерінен тыс кесіп өтуге рұқсат етілмейді. Шымкенттік жаяулар көбінесе базар маңындағы жолдарды кесіп өтуде жол тәртібін бұзатын көрінеді. Соның ішінде «Самал» мен «Жоғарғы Қырғы» базарларына келушілер «реттелетін өту жолдары тым алыс» деген сылтауды көп айтады екен. Алайда мұндағы жүргіншілер өткелдерінің орналасуы мемлекетаралық стандартпен реттелген. Олардың арақашықтығы 200 метрден артық емес.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin