• 24 ноября, 2024 7:57 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ЖЫЛАНБҰЗҒАН АУЫЛЫНА ЖОЛ САЛЫНДЫ, СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 2,5 ГЕКТАР САЯБАҚ БОЙ КӨТЕРМЕК

Автор:admin

Сен 8, 2023

Жылдан жылға жергілікті халық саны артып келе жатқан Сауле шағынауданында саялы саябақ салынуда. Қала әкімі жауаптылармен бірге саябақтың құрылыс жұмыстарын қадағалап, жобаның жүзеге асырылуын пысықтады. Нысан құрылысын «ГрадСтройСервис» мердігер мекемесі жүргізуде. 2,5  гектарды алып жатқан заманауи демалыс аймағында жасанды газон, көгалдандыру  алаңы қарастырылған. Жоба бойынша мұнда 900 шаршы метр асфальт және өрнектас жабындысы салынады.  Қала басышылығы жауаптыларға саябақтың құрылысын өндірістік кестеге сай жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ заманауи демалыс аймағын халыққа қолайлы етіп, озық үлгіде жасақтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Шымкент аумағына енген 40-тан астам елдімекен шаһар кейпіне енетін күн жақын. Жергілікті билік қыруар қаржы бөліп, ауыл-аймақтарға инфрақұрылым тартуды көздеп отыр. Бірінші болып Жыланбұзған ауылына жол салынды. Тағы да 138 көшені тақтайдай тегістеу жоспары бар. 500-ден астам түтіні бар Жыланбұзған елдімекенінде бұрын-соңды асфальт жол болмаған.Осы ауылдың ақсақалдары тақтайдан тегіс жолда жүру бізге бұйырмаған деп әзілдескен екен. Енді, міне, ені 5 метр, ал ұзындығы 3 шақырымнан астам асфальт төсеу қолға алыныпты. Оған жергілікті бюджетен 40 млн теңге бөлінген. Жалпы, биылжол салуға қала бюджетінен 2 млрд 300 млн теңге қаралыпты. Ол өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. 41 көшенің бойына жаяу жүргінші жолы салынбақ. Бұдан бөлек, 250 млн теңгеге қала ішіндегі жолдарда пайда болған ой-шұңқырлар жөнделетін болады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, жол салуда басымдықты орталық және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге беріпті. Шымшаһарда 2800 шақырым жол болса, бүгінде соның жартысына асфальт төселген. Дегенмен, әлі 1000 шақырым тастақ, 300 шақырым топырақ жол бар. Қалалық инфрақұрылымды жүйелі дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша биыл Абай ауданында 60 көше пайдалануға беріледі. Жалпы аудан аумағында 1274 көше бар. Оның ішінде 573 шақырымды құрайтын 688 көшеге асфальт, 540 көшеге шағал тастары төселген. Жоспарға сәйкес, 60 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына 2023 жылы 3,1 миллиард қаржы қаралған. Сондай-ақ, 6 көшеге аяқ жол салуға және ретке келтіру жұмыстарына 25 шақырымға 178 миллион теңге бөлініп отыр

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin