Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты аясында алдағы 2029 жылға дейін инфрақұрылым желілерінің тозуын 15 пайызға төмендету қажет. Сондықтан, үшінші мегаполистегі бірнеше елді мекендерде кәріз құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған елді мекен тұрғындарын биыл әсіресе кәріз жүйесімен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ бұл жұмыстардың сапалы және уақытында орындалуы қала әкімдігінің жіті назарына алынған. Қазір қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде. Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекеме тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % -дан 65 % -ға артады. Бұдан бөлек, қалада ирригациялық жүйелер орнатылуда. Мәселен, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында су шаю қаупі туындаған қауіпті орындарға зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде су басу қаупін алдын алу мақсатында ауданның 5 аумағында ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Арық-атыздардың жалпы ұзындығы 1330 метрді құрайды. Сонымен қатар 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында су жиналу қаупі бар 16 мекенжайға ирригациялар жүргізіледі. Қазір желілердің жобалау-сметалық құжаттасы әзірленуде. Айта кету керек, 2023 жылға 13 көшеге 6,3 шақырым ирригациялық арықтар салуға 232,1 миллион теңге қаржы қаралған болатын. Қазіргіі таңда, осы бойынша су жиналатын орындар бақылауға алынған. Сондай-ақ,жауын-шашын кезінде мобильді топтар жұмылдырылып, арнайы техникалармен су тартылып отырады. Жалпы Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп тұрады. Биыл Шымкент қаласы Мирас шағын ауданы биыл кәріз жүйесімен қамтылады. Қаратау ауданына қарасты Мирас шағын ауданының аумағы 330 гектарды құрайды. Мыңға жуық отбасы қоныстанған шағын ауданда 4410 адам тұрады. Мұнда 35 көше болса, 2020 жылы атауы жоқ 14 көшеге атау берілген. Биылғы жылы атауы жоқ 9 көшеге атау беру және атауы қайталанатын 1 көшенің атын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Мирас» шағынауданындағы тұрғын үйлер мемлекеттік электр жарығымен 100% қамтылған. Ондағы мыңға жуық отбасыға сапалы ауыз су толық берілген. Шағын аудандағы барлық тұрғын көгілдір отынға қосылған. Өткен жылы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары биылда жалғасын тауып, жыл соңында аяқталады. Осылайша кәрізбен қамту дәрежесі 100% болады деп күтілуде. 2021 жылы Кеме қалған мен Қарабура көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылған болса, биыл Мирас пен Жібек жолы көшелері жарықтандырылатын болады. Шағын аудандағы 7,8 шақырым жол, яғни 23 көше асфальтталған, ал 12 көшеге шағал тас төселген. Кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары толық ақталғаннан кейін қазылған көшелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Jsk ақпарат орталығы