• 23 ноября, 2024 8:59 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: НҰРСАТ, САЙРАМ, БАЗАРҚАҚПА шағын аудандарында 4 мектептің құрылысы жүруде!

Автор:admin

Сен 5, 2023

Биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары  Сайрам,  Базарқақпа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде. Бүгін қала әкімдігінің салаға жауапты басшылығы Сайрам тұғын алабындағы  «Астана» және Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысын тексерді.  «Астана» мектебінің 2 мың орындық білім ғимараты 3 қабаттан тұрады. Мұнда құрылыс наурыз айында басталған. Ал  Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі  3 мың орынға лайықталған. 3 қабатты ғимарат   заманауи үлгіде бой көтеруде.  Екі нысанда да қазір ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары атқарылып, аулалары абаттандырылуда.  Орындалған жұмыстардың көлемі 90- 95%.  Озық үлгіде салынған білім ошақтары қыркүйекте оқушыларға есіктерін айқара ашатын болады.  Жеке мектептер бала саны жыл санап артып келе жатқан елдімекендердегі мектептердің жүктемесін азайтып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.  Жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шаралардың барлығын ескеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктелген болатын. Осы орайда Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin